Бүгін – Ұлттық домбыра күні

Шілденің алғашқы жексенбісі – қазақ халқының рухани болмысы мен мәдени мұрасының ажырамас бөлшегі саналатын Ұлттық домбыра күні, деп хабарлайды Malim.kz.
Атаулы күн 2018 жылдан бері мемлекеттік деңгейде аталып келеді. Содан бері еліміздің барлық өңірінде бұл күн ұлттық рух пен өнерге деген құрметтің көрінісі ретінде кең көлемде атап өтіліп жүр.
Домбыра – қазақтың жан дүниесінің айнасы. Ол елдің тарихы мен ерлігін, қуанышы мен сағынышын, туған жерге деген махаббатын үнмен жеткізетін қасиетті аспап.
Күй – жай ғана музыкалық шығарма емес, ол – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан шежіре, терең философия мен ұлттық болмыстың үні. Сондықтан да "Нағыз қазақ – домбыра" деген сөз бекер айтылмаған.
Мереке аясында еліміздің әр түкпірінде түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Фото: alash.kz


Ең көп оқылған
