457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

3000 домбырашы бір сәтте «Балбырауынды» орындады

Ұлттық Домбыра күніне орай Көкшетау қаласында 3000-ға жуық домбырашы Құрманғазы Сағырбайұлының әйгілі «Балбырауын» күйін бір мезетте орындады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ауқымды флешмоб Қопа көлінің жағасында ұйымдастырылып, ел көлеміндегі ең ірі домбыра шерулерінің біріне айналды.

Шараға Ақмола облысының түкпір-түкпірінен келген мәдениет ошақтарының өкілдері, фольклорлық ансамбльдер, өнер мектептерінің тәрбиеленушілері мен кәсіби домбырашылар қатысты. Домбырашылардың орындауында күмбірлеген күй таңғы салқынмен үндесіп, қала тұрғындары мен қонақтарына рухани әсер сыйлады.

Флешмобты Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенова бастап, жас домбырашылармен бірге күй орындады. Ол бұл шараның жас ұрпаққа ұлттық өнерді насихаттаудағы маңызын атап өтті.

Фото: gov.kz.