457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Көкшетаулық отбасы 18 млн теңге несие алып, алаяқтарға аударған

Қылмыскерлер мемлекеттік ұйымдардың қызметкері ретінде өзін таныстырып, азаматтардың қаражатын алдап алған, Malim.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көкшетау қаласының полиция басқармасына алаяқтардың құрбаны болған ерлі-зайыпты арызданды. Олардың айтуынша, 2025 жылғы 3-4 шілде аралығында олар 18 миллион 252 мың 659 теңгеден айырылған.

Оқиға былай өрбіген: әйел адамның ұялы телефонына белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін «Қазпошта» АҚ қызметкері ретінде таныстырып, салық комитетінен тапсырысты хат келгенін хабарлаған. Артынша өзін ХҚКО, «Cyberpol» және Әділет министрлігі өкілдері ретінде таныстырған бірнеше адам хабарласқан.

Олар жәбірленуші мен оның күйеуінің атына алаяқтық жолмен несиелер рәсімделгенін айтып, ақшаны «қауіпсіз шоттарға» аудару арқылы ғана қаржыларын сақтап қала алатындарына сендірген.

Мұндай қысымнан кейін ерлі-зайыптылар үш банкке барып, өз аттарына несие рәсімдеп, алынған қаражатты алаяқтардың нұсқауымен үшінші тұлғалар – «дропперлердің» шоттарына аударған.

Қазіргі таңда полиция ұрланған қаражатты алған тұлғаларды анықтады. Олардың қатарында Талдықорған, Қарағанды, Астана және Көкшетау қалаларының азаматтары бар. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғаушылар дропперлер арқылы қаражатты алып отырған ұйымдастырушыларды анықтап жатыр.

Полиция азаматтарға ескертеді: ешбір мемлекеттік орган немесе банк азаматтардан телефон арқылы ақша аударуды, несие рәсімдеуді немесе құпия деректерді беруді талап етпейді.

Фото: ixbt.com