«Человек в маске» атты блогер жалғызбасты анаға пәтер сыйлады

Арман Қайыпхан

  • 29.11.2024

«Человек в маске» лақап атымен танылған блогер қалада такси қызметін атқарып жүрген үш балалы жалғызбасты анаға пәтер кілтін табыстап, қарыздарын жабуға мүмкіндік сыйлады, деп хабарлайды Malim.kz Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Блогердің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған видеода жалғызбасты ананың кәмелетке толмаған үш баласы бары және кіші ұлының бцс, эпилепсия деген диагноздары бар екені айтылады.

«Мен жалғызбасты анамын. Үш балам бар. Кіші ұлыма дцп, эпилепсиямен ауырады. Жүре алмайды, сөйлей алмайды. Қазір жасы 8-де. Оңалту курстарына, массажға тасимын. Бір жағынан баламмен бірге таксиге шығамын. Машинаны 7 жылға несиеге алғанмын. Өйткені біз қаланың сыртында пәтер жалдап тұрамыз. Ол жаққа жедел жәрдем өте ұзақ жүріп келеді. Мен бұлай такси болып жүргім келмейді. Бұл жұмыс тіпті, еркектердің өзіне өте ауыр. Шаршадым, қазір тіпті не істерімді білмеймін. Өмір сүргім келмейді десем де болады», - дейді әйел.

Ал блогер осы сәтте оған қарызын жабуға немесе ұлын емдеуге жұмсау үшін қомақты қаражат пен пәтер кілтін табыстады.

Байланысты жаналықтар

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025
MalimBlocks
Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты