457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Кассир емеспін»: «Қайраттың» бас жаттықтырушысы билет сұраушыларға жауап берді

«Жақындарым үшін бірнеше билет тапсам, жақсы болар еді», - деді ол

Бүгін «Қайрат» пен «Реал» арасындағы 30 қыркүйекке жоспарланған матчтың билеттері сатылымға шығады. Арнайы баспасөз конференциясында «Қайрат» футбол клубының бас жаттықтырушысы Рафаэль Уразбахтин билет сатылымына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеп. 

Оның айтуынша, билет сатылымына қатысты ажиотаж оның жеке өміріне де қатты әсер еткен екен.

«Билет сұрап хабарласатындар көп. Мен құдды бір «Қайратты» кассирі сияқтымын. Мен кассир емеспін, билет сатпаймын. Жақындарым үшін бірнеше билет тапсам, жақсы болар еді», - дейді ол.

Ол сондай-ақ «Реал» командасы шынымен де өте мықты команда, сондықтан, «Қайрат» ойыншыларына оңай болмайтынын айтты. 

Фото:  instagram.com/f.c.kairat/