«Алладан сұраңыз»: Бозымбаев келесі жылы тасқын бола ма деген сұраққа жауап берді

"Егер монолог айтқыларыңыз келсе, айтыңыздар. Тыңдайық" деді ол.

Malim Админ

  • 25.06.2024

Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев "келесі жылы су тасқынына ел билігі дайын ба?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкіметтегі брифингте журналист “сіз су тасқынына қарсы күресу, халықты баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін Ақордадан (Үкіметке) жіберілгеніңіз рас па?” деп сұраған. Қанат Бозымбаев жымиып, “мұндай сұраққа комментарий беруі қиын” екенін жеткізді.

Бірақ ең басты мақсат осы болған шығар. Үкіметімізге көмектесіп, тәжірибе жинақтап, тиісті әкімшіліктерге координация жасап, көмек көрсеттім, – дейді ол.

Журналист “Роман Склярдың қолынан келмеген проблемаларды менің қолымнан келеді деп санайсыз ба?” деп сұраған. 

Мен ондай сөзді айтқан емеспін. Ешқашан олай айта алмаймын. Әріптесімнің (жұмысына) баға бере алмаймын. Бұл менің құзыретіме жатпайды. Провокациялық сұрақтарды маған қоймаңыздар, – деді ол.

“Келесі жылы су тасып, азаматтар үйінен айырылуы мүмкін бе? Солай болса отставкаға кетуге дайынсыз ба?” деп те сұралған.

Бұл сұраққа жауап берген Бозымбаев “отставкаға кетуге қашанда дайын екенін, ал қазір көмектесіп, баспанасыз қалған кісілерді үймен қамтамасыз етеміз деп бар күш-жігерімізді жіберіп жатырмыз” деді. 

– Осындай апаттардың алдын алатын жүйе жасаймыз деп тырысып жатырмыз, – деді ол.

“Үкіметтің осы бағыттағы жұмысын үйлестіретін адам ретінде сіз келесі жылы елімізде осындай алапат су тасқыны болмайды деп уәде бере аласыз ба?” деген сұраққа Бозымбаев “оны кім біледі? Алладан сұраңыз” деп жауап берді.

Егер монолог айтқыларыңыз келсе, айтыңыздар. Тыңдайық. Дұрысырақ сөйлейік. Қандай сұрақ қойсаңыздар – сондай жауап аласыздар. Егер білікті сұрақ қойсаңыздар, дұрыс жауап беремін. “Келесі жылы су тасыса отставкаға кетесіз бе?” деп хайпажорлық сұрақ қойылды. Келесі жылы ауа температурасы қандай болатынын, қанша қар түсетінін кім біледі? Ондай болжамды ешкім айта алмайды. Егер сол кезде үлкен шығын болып, тиісті шара қабылдай алмасам отставкаға дайынмын! Үкіметте көп жұмыс істедім, әр лауазымда еңбек еттім. Тақырып бойынша сұрақ қойыңыздар, ал хайпажор сұрақтарға тиісінше жауап беремін, – деді ол.

Фото: kursiv.media

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

«Америка дауысы» Трампты қолдайтын БАҚ-тың хабарларын тарата бастайды

09.05.2025

Үндістан мен Пәкістандағы қазақстандықтар эвакуациялана ма? СІМ жауабы

08.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Рамзан Кадыров Путиннен өзін қызметтен босатуды сұрады

06.05.2025

Азаттық радиосын қолдауға арналған донат парақшасы іске қосылды

02.05.2025
MalimBlocks
Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

«Америка дауысы» Трампты қолдайтын БАҚ-тың хабарларын тарата бастайды

Үндістан мен Пәкістандағы қазақстандықтар эвакуациялана ма? СІМ жауабы

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Рамзан Кадыров Путиннен өзін қызметтен босатуды сұрады

Азаттық радиосын қолдауға арналған донат парақшасы іске қосылды