freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда атышулы Kizdar.net порталының ұсталды

Қоғам
Алматыда атышулы Kizdar.net порталының ұсталды
Фото: pixabay

2011 жылдан бері ақылы интимдік қызметтердің жарнамасы орналастырылған Kizdar.net сайтының болжамды ұйымдастырушылары ай сайын шамамен 500 млн теңге табыс тауып отырған. Бұл туралы Қазақстан Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Тергеу барысында күдіктілердің IT-компаниялардың бірінің негізін қалаушылары екені анықталған.

Ведомство мәліметінше, олар әзірлеген Kizdar.net сайты негізгі жобалардың бірі болған және бағдарламалық шешімдерді әзірлеу мен сынақтан өткізуге арналған технологиялық платформа ретінде пайдаланылған. Кейін бұл шешімдер қызмет көрсету саласындағы өзге заңды IT-өнімдерді жасау кезінде енгізілген.

IT-компанияның дамуы дәл осы Kizdar.net сайтының заңсыз қызметінен түскен қаражат есебінен қаржыландырылған. Алдын ала есеп бойынша, мұндай кіріс көлемі айына 500 млн теңгеден асқан. Қаржылық операциялардың едәуір бөлігі криптовалюта құралдары арқылы жүргізілген.

ІІМ мәліметіне сәйкес, тергеу іс-шаралары барысында 144 млн теңге қолма-қол ақша, 1,3 млн доллардан астам қаржы (636 млн теңгеден көп), оның ішінде криптовалюта түріндегі 300 мың доллардан астам қаражат тәркіленген.

Сонымен қатар оқ-дәрілері бар қару-жарақ, 150-ге жуық компьютерлік және басқа да техника, автокөліктер, құжаттар мен қылмыстық іске қатысты өзге де айғақ заттар алынған.

Бұған дейін Алматы прокуратурасы күдіктілердің қамауға алынғанын хабарлаған болатын. Олардың әрекеті Қылмыстық кодекстің 309-бабы 2-бөлігі бойынша – жезөкшелікпен айналысуға арналған притондарды ұйымдастыру немесе ұстау, сексуалдық сипаттағы өзге қызметтер көрсету және жеңгетайлық жасау фактілері бойынша саралануда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу