Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтауда «Архетип, эннеатипті анықтау және тұлғалық ерекшелік» тақырыбында оқыту өтті

Қоғам •
Ақтауда «Архетип, эннеатипті анықтау және тұлғалық ерекшелік» тақырыбында оқыту өтті
«Қолдау» орталығы»

Ақтау қаласында Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ-тың қолдауымен, «Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесінің ұйымдастыруымен «Жастар EQ 3.0 & Mental Health» жобасы аясында республикалық сарапшыларды тарта отырып 4 компонентті оқыту аясында алғашқы оқу өтті.

Қатысушыларға архетиптер мен эннеатиптер арқылы жеке брендін қалыптастырудың, өзін-өзі терең танудың және коммуникация дағдыларын жетілдірудің практикалық құралдарын беру мақсатында өткен курсты Архетип және эннеатипті анықтау бойынша сарапшы Джекенова Айым жүргізді.

Оқыту барысында қатысушылар жеке брендті дамытудың 5 қадамын меңгеріп, өзін «распаковка» жасау, суперкүшін анықтау, «упаковка», контент және танымалдылық, сондай-ақ брендингтегі 12 архетиппен, эннеатиптермен жұмыс істеу арқылы адамды және клиентті қалай тереңірек тануға болатынын үйренді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу