freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алакөлде қауіпсіздік ережесін елемеу қайғылы жағдайға әкеле жаздады

Оқиға
Алакөлде қауіпсіздік ережесін елемеу қайғылы жағдайға әкеле жаздады
Фото: magnific.com

Жетісу облысының Алакөл ауданында полиция қызметкері мен жергілікті тұрғын көлде қауіпті жағдайға тап болған туристерді құтқарып қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға Көктұма ауылында болған. Кенеттен күшейген жел мен биік толқындар судағы демалушылардың өміріне қауіп төндірген.

Жағалауды патрульдеу кезінде полиция майоры Жақсылық Сәрсенов жағадан шамамен 500 метр қашықтықта сапбордпен жүрген төрт адамның өздігінен жағаға жетуге әрекеттеніп жатқанын байқайды.

Қауіпті жағдайды көрген тәртіп сақшысы ауыл тұрғынымен бірге дереу көмекке аттанған. Алдымен олар Ресейдің Магадан қаласынан келген турист әйелді құтқарып, жағаға жеткізді. Кейін құтқару жилетін пайдаланып, тағы бір әйелге жетіп, оны қауіпсіз жерге шығарған.

Кейін суда құтқару жилетінсіз қалған 30 жастағы әйел мен Алматыдан келген екі туристтің әлі де көмекке мұқтаж екені белгілі болды.

Құтқару қызметі келгенге дейін полицей мен жергілікті тұрғын көмек көрсетуді жалғастырып, әйелге құтқару жилетін жеткізіп, оның су бетінде қалуына жәрдемдескен. Осылайша олар қайғылы жағдайдың алдын алды.

Нәтижесінде барлық турист аман-есен құтқарылды. Демалушылар жедел әрі үйлесімді әрекет еткен құтқарушыларға алғыстарын білдірді.

Полиция департаменті азаматтарға су айдындарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды, ауа райын алдын ала ескеруді және судағы демалыс кезінде міндетті түрде құтқару жилеттерін пайдалануды ескертті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу