freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ҰБТ кезінде 470-тен астам заңбұзушылық анықталды

Қоғам
ҰБТ кезінде 470-тен астам заңбұзушылық анықталды
Фото: pixabay

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өтіп жатқан бес апта ішінде талапкерлер тарапынан ережелерді бұзудың 470-тен астам дерегі тіркелді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

ҰБТ 10 мамырда басталып, 10 шілдеге дейін жалғасады. Тестілеуге қатысу үшін шамамен 240 мың талапкер өтініш берген. Оның ішінде 668-і – ерекше білім беру қажеттілігі бар азаматтар. Қазіргі уақытқа дейін тестілеуден шамамен 236 мың рет өту фактісі тіркелген.

Бесінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа нәтиже – 64 балл. Ең жоғары көрсеткіш – 140 балл.

ҰБТ-ның бес аптасы ішінде ережені бұзудың 474 дерегі анықталды. 298 талапкер смартфон, смарт-көзілдірік, микроқұлаққап, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып кіруге әрекеттенгені үшін тестілеуге жіберілген жоқ. Тағы 176 адам тестілеу кезінде ережені бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылды», – деп мәлімдеді министрлік өкілдері.

Министрлік мәліметінше, ҰБТ аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Егер тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережені бұзу фактілері анықталса, тестілеу нәтижелері күшін жояды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу