Кейбір азаматтар елімізді мазақ қылуға әуестеніп барады - Тоқаев

Арман Қайыпхан

  • 28.01.2025

Бүгін үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдағы өзекті мәселелерге тоқталып, билік пен халық арасындағы байланысқа басымдық беру керектігін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Президент ақпараттық жұмыстың уақтылы әрі сапалы жүргізілмеген жағдайында қоғамда дүрбелең тудыратын мәселелердің орын алатынын атап өтті. Осыған байланысты, ол мұқият ойластырылған қоғамдық коммуникация стратегиясын әзірлеу қажеттігін айтты.

Үкімет пен әкімдердің қызметі ашық әрі түсінікті болуы тиіс. Әкімдер мен басшылар халықпен тікелей байланыста жұмыс істеуі қажет, деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы «Заң мен тәртіп» қағидасының халық санасында орнығуы үшін құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қатаң ұстану керектігін ескертті. Бұл бағытта әсіресе аймақ әкімдерінің жауапкершілігі зор екенін айтты. Бірақ бұл шаралардың азаматтардың сеніміне селкеу түсірмеуі керектігіне тоқталды.

«Мәжбүрлеу шаралары болмаса, тәртіп орнату мүмкін емес. Бірақ бұл ретте мемлекет қоғаммен диалог құрып, өз әрекеттерін түсіндіруі қажет», – деді Президент.

Ол сондай-ақ кейбір азаматтардың елді сынауға әуестеніп бара жатқанын, бұл әрекеттердің мемлекеттің имиджіне нұқсан келтіретінін сынға алды.

Кейбір азаматтар елімізді мазақ қылуға әуестеніп барады. Мысалы, өзге елдердің өкілдері жоқ жерден «керемет жетістіктерді, табыстарды» тауып алып, оны шетелге жан-жақты насихаттап жатады. Ал біздің азаматтар, олардың ішінде шоу-бизнес өкілдері, өзін өзі «қоғам белсендісі» санайтын жастар, тіпті, депутаттар да бар, Қазақстанға неше түрлі лақап ат қоятын болды. Бұл енді мүлдем түсініксіз, ақылға сыймайтын нәрсе, деді президент.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.