Көлікті 5 минуттан артық қыздыруға айыппұл салатын заң тоқтатылды

Арман Қайыпхан

  • 30.01.2025

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев көлікті 5 минуттан артық оталдырып тұруға тыйым салатын норманы алып тастағанын мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, депутаттардың 5 минут көлігі оталып тұрған адамдарды жазалау туралы шешімді қайта қару туралы ұсынысты уәкілетті министрлік мақұлдаған.

Бүгін  «Аманат» партиясының фракция отырысында осындай маңызды шешімдер қабылданды Сәрсенбіде қоғамды толғандырған екі мәселеге қатысты депутаттық сауал жолдадық. Міне оң шешім шықты. Жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласындағы мемлекеттің міндеттерін өзін-өзі реттеу ұйымына беру, жекеменшік СРО-ға тастай салу үлкен қателік! Осы шикі қадамды көздеген заң жобасы Мәжіліске келген еді. Біз бірден қарсы болдық, дейді депутат.

Оның айтуынша, екі себеп бар: 

1). Заң жобасы өзін-өзі реттеу ұйымдарына жолаушылар тасымалындағы тарифті белгілеу, бағаны реттеу құзыреттерін бермек. Бұл қате. 

Құрылуы мүмкін өзін-өзі реттеу ұйымдары азаматтарымызды аямайтыны екібастан белгілі. Бұл жерде тұтас саланы жекеменшік ұжымдарға жығып беру –монополияны қолдан жасауға бағытталған қисынсыз әрекет.

2).Жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласындағы қауіпсіздік мәселелерін өзін-өзі реттеу ұйымына беру адамдардың өміріне жүрдім-бардым қараудың нақты көрінісі. Ақшаның артынан қуған жекеменшік ұйымдар қауіпсіздікке қалай болса солай қарайтыны айтпаса да түсінікті. Біздің елде де жол апаттары жыл сайын жүздеген адамның өмірін жалмайды, бұл проблеманы мемлекеттік органдар шеше алмай отырып, ақыр аяғында жолдағы қауіпсіздікті өзін-өзі реттеу ұйымына бере салу туралы шешімдері ақылды адамның әрекеті емес.

Аталған заң жобасы Мәжілістің мұрағатына түсті. Таксистерді өзін-өзі реттеу ұйымына кіруге, жарна төлеуге міндеттейтін заң жобасы тоқтатылды.  Тоқ етер сөзді Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов айтты. Көлік министрлігі бірнеше облыста пилоттық режимде жобаны сынап көру керек, халық дұрыс десе ғана заң қайта қаралады. Әйтпесе бұған жол жоқ! Көлік министрі келісті.  Автокөлікті 5 минуттан артық оталдырып тұруға тыйым салатын министрліктің шешімін дереу өзгерту керек деп кеше Мәжілісте талап қойдық. Бүгін ІІМ орынбасары депутаттар тарапынан бұл нормаға қатысты ұсыныс болса оны қарауға, қолдауға дайын екенін жеткізді, - дейді Нартай Аралбайұлы.

Фото: Мәжіліс

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.