«Крим-Экс 2024» криминалистика және сот сараптамасының үздік білгірлері жыл сайынғы 10-шы халықаралық кәсіби шеберлік байқауы

2024 жылдың 5 сәуірінде ТМД 4-тармағы «Сапалы білім беру» аясында және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90-жылдық мерейтойында заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы Қылмыстылыққа қарсы тұру мәселелерін зерттеу орталығымен бірігіп, жоғарғы оқу орындары арасында «Құқықтану», «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттары арасында жыл сайынғы «Криминалистика және сот сараптамасының үздік білгірлері Крим-Экс 2024 10-шы халықаралық кәсіби шеберлік» байқауы өткізілді.

Malim Админ

  • 06.04.2024

 «Крим-Экс 2024 » атты Криминалистика мен сот сараптамасының үздік білгірлері байқауға Қазақстанның он жоғары оқу орнының Қазақстан Республикасының аумағының әр түрлі өңірлерінен келген 8 командасы қатысып бақ сынасты. Атап айтқанда: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясы, А; Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясы, Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қонаев университеті, Алматы қаласы; М.Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясы, Абай атындағы КазҰП университетінің Сорбонна институты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Байқаудың мақсаты: білімді, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу, талантты және дарынды студенттердің білімдерін көрсетуге мүмкіндік беру, оларға қолдау көрсету; студенттердің зияткерлік дағдыларының  қалыптасуына жәрдемдесу; студенттер мен жас ғалымдарды заманауи ғылыми мәселелерді шешуге шақыру; шығармашылық қабілетті ашу, ғылыми қызметке деген қызығушылықты дамыту.

  Байқау  қазақ және орыс тілінде жүргізілді. байқау бес кезеңнен тұрады. I кезең – таныстыру. II кезең – тест тапсырмалары. III кезең – материалдық іздермен жұмыс жасау үшін тәжірибелік дағдыларды меңгеру деңгейін көрсету. IV кезең – негізгі тергеу әрекеттерін жүргізудің процессуалдық талаптарын білу деңгейін, тергеу әрекеттерін ұйымдастырудың тактикалық әдістері туралы білімдерді, негізгі тергеу әрекеттерін жүргізудің жұмыс және қорытынды кезеңдеріндегі әдістерді көрсету. IV кезең – сот сараптамасының теориялық және тәжірибелік негіздерін меңгеруге қатысты болды.

  Бұл байқауды әділ бағалауын жүзеге асыру мақсатында арнайы қонақ ретінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері әділғазы Төрағасы  Алматы қаласы полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы, полиция полковнигі  Тасыров А.К., әділғазы мүшелері ретінде Алматы қаласы полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасының бас криминалисті, полиция подполковнигі Родинко А.С., Алматы қаласы полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасының аға криминалисті, полиция майоры Шаримова К. Х., аға оқытушы, заң ғылымдарының докторы, полиция полковнигі Алимова Э. А., Нархоз университетінің доктор PhD, аға оқытушы Адилғазы С. шақыртылды.

Атап айтқанда,  «Крим-Экс 2024» криминалистика және сот сараптамасының үздік  білгірлері жыл сайынғы 10-шы халықаралық кәсіби шеберлік байқауы қорытыныдысы бойынша барлық командаларға арнайы дипломдар табысталды.

Жалпы ұпай санның қорытындысы бойынша келесідей марапатталды: Бас жүлдені және арнайы жасалған «Крим-Экс» Бас жүлде - атты кубокты әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің "Коломбо"  командасы ие болды. 

І орынды дипломды және арнайы жасалған «Крим-Экс 2024»  1-ші орын 2024  - кубокты Алматы қаласы  Қонаев университетінің "Evidence"  командасы ие болды. 

ІІ орынды дипломды және арнайы жасалған «Крим-Экс 2024»  2-ші орын 2024 -  кубокты Қостанай қаласы Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясынның "Правохранители" командасы ие болды. 

ІІІ орынды дипломды және арнайы жасалған «Крим-Экс 2024»  3 орын 2024 - кубокты Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің "Криминальные гении" командасы ие болды. 

ІІ дәрежелі дипломды өзара екі университет бөліскен болатын оның иегерлері: Алматы қаласы Абай атындағы ҚазҰП университетенің Қазақстан Сарбона университетінің "Криминалисты"  және Қарағанды қаласы Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясының  "Группа Лиц" командасы.

ІІІ дәрежелі дипломды өзара екі университет бөліскен болатын оның иегерлері: Алматы қаласы ІІД Академиясының "Аргументум"  командасы, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының "КримТим" командалары ие болды.

  Шара соңында, кафедра меңгерушісі, профессоры Р.Е. Джансараева студенттер мен магистранттарды  құттықтап, оларға шығармашылық шабыт мен мол табыс тіледі.

Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы Даубасова С.Ш.

Байланысты жаналықтар

Тұман, бұрқасын... Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

22.02.2025

Жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті

21.02.2025

Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған

21.02.2025

"Блогерлер салық төлеңдер!". Комитет хабарламасын қайтарып алды

21.02.2025

Перизат Қайрат мүгедек балаларды пайдаланып қайырымдылық ұйымдастырған – ҚМА

21.02.2025

Павлодарда үй өртеніп, адамдар құтқарылды

20.02.2025
MalimBlocks
Тұман, бұрқасын... Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Кей өңірлерде жел күшейеді

Жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті

Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған

"Блогерлер салық төлеңдер!". Комитет хабарламасын қайтарып алды

Перизат Қайрат мүгедек балаларды пайдаланып қайырымдылық ұйымдастырған – ҚМА

Павлодарда үй өртеніп, адамдар құтқарылды

Бір адам ыстан уланып, ауруханаға түскен.