Күн күрт жылынып, қар тез еруінің себебінен қызыл су қаупі күшейді

Бүгінгі таңда ең күрделі жағдай Ақтөбе және Қостанай облыстарында орын алды. Қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты елімізде ТЖМ мен өңірлерде жедел штабтардың жұмыс істеуде.

Malim Админ

  • 26.03.2024

Жедел желі телефоны іске қосылды: : ТЖМ 8 717 2 70 41 14, Ақтөбе облысы ТЖД 8 713 2 54 86 57, Батыс Қазақстан облысы ТЖД  8 711 2 55 40 88.

Қардың тез еруі салдарынан Қостанай мен Ақтөбе облыстарында жағдай күрделене түсті. Соған орай, Төтенше жағайлар министрлігі жедел штаб құрған.  

Зардап шеккен тұрғындар үшін министрлік бірнеше өңірде жедел желі жұмысын іске қосты. Төтенше жағдайлар министрлігі: 8 717 2 70 41 14, Ақтөбе облысы: 8 713 2 54 86 57, Батыс Қазақстан облысы: 8 711 2 55 40 88.

Елдің 11 аумағында Төтенше жағдайлар департаменттері әкімдіктермен бірігіп, кезекшілік ұйымдастырған. Олар өз өңіріндегі су айдындары мен су басу қаупіне мониторинг жасайды.

Қауіптің алдын алу және онымен күресу мақсатында Ақтөбе, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында 220 әскери мен 25 техника жұмылдырылған. Жалпы, ел көлемінде құтқару жұмыстарына 1,5 адам мен 500 ден астам техника араласып жатыр.

Осы уақытқа дейін 320 мың текше метр су тартылып, қауіпті жерлерге 7 мың қап құмнан тосқауыл қойылған.   

Мұндай жұмыстар қар суы басып жатқан Ақтөбе мен Қостанай облысының Арқалық қаласы және Амангелді, Жангелдин аудандарында атқарылып жатыр.   


Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025

Өзбек тарихшысы Қазақ мемлекеті болмаған деп мәлімдеді

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.

Өзбек тарихшысы Қазақ мемлекеті болмаған деп мәлімдеді

Ол қазақтың өз қалалары да болмаған деген пікір айтты