LRT-ның қашан іске қосылатыны айтылды

Malim Админ

  • 27.02.2025

LRT вагондарының алюминий қорытпасынан жасалған корпус элементтерін дайындау және дәнекерлеу жұмыстары басталды. Бұл туралы елорданың «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.

Алғашқы жылжымалы вагондар мамыр айының соңына дейін дайын болады, қыркүйекте алғашқы пойыздар жеткізіліп, сынақтан өткізіледі. Қытайдың Таншань қаласында елордада салынып жатқан LRT алғашқы жылжымалы құрамдарын құрастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Тестілік пайдалану немесе тестілік іске қосу – пайдалануға берудің маңызды кезеңі. Бұл кезеңде барлық инфрақұрылым элементтері, жылжымалы құрам және барлық жабдық тексеріледі, соның ішінде рельстердің бүтіндігі, электрмен жабдықтау жүйесі, телекоммуникация жүйелері толық зерттеледі. Сынақтар барысында үлкен көлемде деректер жиналып, талданады, оның нәтижесі бойынша LRT жүйесін пайдалануға беру туралы шешім қабылданады. Алғашқы тестілік іске қосу осы жылдың қыркүйек айына жоспарланған, бұл сынақтар бірнеше айға созылады, - деп түсіндірді «City Transportation Systems» ЖШС басқарушы директоры Орынбасар Ағыбаев.

Жолаушылар легін талдау деректері бойынша LRT жылжымалы құрамдары тәулігіне 25 мың жолаушыны тасымалдайды деп жоспарланған. 

Астана климатының ерекшелігін ескере келе, алдыңғы терезесі температураны реттейтін электрлі жылыту жүйесімен жабдықталған. Бұл кенеттен болатын температура өзгерістерінде әйнектің булануының алдын алады. Кондиционер қондырғысының қуаты 35 кВт (салқындату қуаты), - делінген хабарламада.

Фото: «City Transportation Systems» ЖШС

 

 

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025

Өзбек тарихшысы Қазақ мемлекеті болмаған деп мәлімдеді

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.

Өзбек тарихшысы Қазақ мемлекеті болмаған деп мәлімдеді

Ол қазақтың өз қалалары да болмаған деген пікір айтты