Маңғыстауда «Zerde+» әлеуметтік жобасы таныстырылды

Арман Қайыпхан

  • 20.08.2024

Маңғыстау облысының білім басқармасының тапсырысымен «Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесі Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытында «Zerde+» әлеуметтік жобасын бастады, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлеуметтік жобаның мақсаты – ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың қоғамға бейімделуін  арттыру, олардың білім алудағы шығармашылық әлеуетін пайдалану және дамыту, әлеуметтік бейімдей отыра, қоғамдық ортаға дайындау, кәсіби бағдар беру. ЕБҚ оқушылармен жұмыс жүргізетін арнайы мамандар мен дене шынықтыру, музыка, технология пәні мамандарының кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға ықпал ету, жағдай жасау. 

Жобаның жетекшісі Милана Елеусинова жоба жылдың соңына дейін жүзеге асатындығын айтады. Бұл уақыттарда ерекше балалармен жұмыс жасайтын Маңғыстау облысының мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы кемінде 300 медицина және дене шынықтыру мамандары, музыка пәні, технология пәні және дене шынықтыру пәндерінің ұстаздары біліктілік арттырып, арнайы оқулардан өтепек. 

Жобаның мақсатты топтарын үш топқа бөліп қарастырып отырмыз. Негізгі мақсатты тобымыз, әлбетте – дефектолог, логопед, ассистент, дене шынықтыру пәні мұғалімдері, ерекше білімді қажет ететін мектеп оқушылары және олардың  ата-аналары болады. Сонымен қатар, жобаны қолдаушылар, серіктестер, мемлекеттік органдар (кеңесшілер) және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеуді көздеп отырмыз. Бұл жобаны іске асыруда еріктілер мен әлеуметтік желі қолданушыларының да үлесі болмақ. Демек, жобаны барлық бағытты қоса алып жүргізуді мақсат тұтып отырмыз,- дейді жоба жетекшісі.

Әлеуметтік жоба аясында тек мамандарды оқыту курстары ғана өтіп қоймайды. Бұған қоса, ерекше балалардың өзін де жобаға қатыстыруы жоспарланған. Мәселен, жоба аясында оқушыларға арналған «Менің ерекше досым» бейнероликтер байқауы өтпек. Сонымен қатар, жоба барысында инклюзивті білім беруді енгізудің үздік тәжірибелерінің жәрмеңкесі де өтпек.

Фото: ӨКҚ

Байланысты жаналықтар

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025
MalimBlocks
Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты