Маңғыстаудың тағы бір мектебінде оқушылар жаппай уланды

Арман Қайыпхан

  • 13.09.2024

Маңғыстау облысында тағы да оқушылар жаппай уланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, мектеп қабырғасында 16 бала уланып қалған.

12 қыркүйекте Бейнеу ауылында Жұмағали Қалдығараев атындағы мектептің оқушылары аудандық жедел жәрдем бөліміне іш ауруына шағымданып келген. 

Қабылдау бөлімінде балаларға регидратация процедурасы (жоғалтқан су мөлшерін қалпына келтіру) жасалды және инфузиялық терапия жүргізілді, яғни балаларға система қойылды, - делінген хабарламада.

Балалар сол күні үйлеріне оралған. Ал 13 қыркүйекте қайта сабаққа бара бастаған. 

Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқарма мамандары мектептегі тамақ пен ауыз судан сынама алды. Оларды сараптамаға жіберді. 

Еске салсақ, бұл өңірде тіркелген жаппай уланудың екінші дерегі. 6 қыркүйекте Мұнайлы ауданындағы №8 мектепте де балалар астан уланып, зардап шеккендердің саны 460-қа жеткен болатын.

Фото:depositphotos.com

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.