457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Мариям, Мұхаммед». Балаларға ең жиі қойылатын есімдер белгілі болды

Жыл басынан бері Алматы қаласында 16 501 бала дүниеге келген. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалы жаңа туған нәрестелерге қойылатын ең танымал есімдерді ұсынды.


Қыздарға қойылатын есімдердің үштігі:

- Сафия;
- Мариям;
- Адия.

Ал ұлдарға ең көп қойылатын есімдер:

- Мұхаммед;
- Алан;
- Әмір.

Одан бөлек, жаңа туған нәрестелердің арасында Әлихан, Әмір, Айсұлтан, Хамза, Айлин, Асылым, Медина, Аяла сынды есімдер жиі қойылады.

Сондай-ақ Алматы қаласында дүниеге келген балалардың ішінде Теона, Наоми, Айви, Эллая, Ай-Ашин сынды ерекше есімдер де бар.

Алматы қаласы АХАТ басқармасының басшысы Баян Абдулланованың айтуынша, жыл басынан бері қалада 16 501 бала дүниеге келген. Оның 8500-і ұл бала және 7974-і қыз бала. 

Фото: bashinform.ru