457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мемлекеттік білім гранттарына құжат қабылдау басталды

2025 жылғы жоғары білім беру гранты конкурсына өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды Malim.kz.

2025 жылдың 13 шілдесі мен 20 тамызы аралығында талапкерлерден мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер қабылданады. Өтініштерді egov.kz порталы арқылы онлайн немесе кез келген жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы арқылы тапсыруға болады.

Грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификаты, 3х4 көлеміндегі фотосурет, орта білім туралы аттестат немесе диплом, сондай-ақ жеңілдік санатына жататынын растайтын құжаттарды ұсынады.

ҰБТ нәтижелері бойынша грант конкурсына қатысуға қойылатын шекті баллдар: «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» бағыттары бойынша кемінде 75 балл, медицина бағыты бойынша кемінде 70 балл, ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл, ал басқа жоғары оқу орындарына және Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне түсу үшін кемінде 50 балл болуы тиіс. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары ақылы негізде оқуға және грантқа үміткерлерге өз шекті баллдарын белгілеуге құқылы.

Ауылдық жерлерден шыққан талапкерлер мен әлеуметтік осал топтарға арналған мемлекеттік квоталар қарастырылған. Бұл талапкерлерді қолдау және олардың жоғары білім алуына жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылады.

2025 жылы «Цифрлық университет» қағидатын жүзеге асыру жалғасады. Құжаттарды қабылдау мен іріктеу процестері барынша автоматтандырылған, бұл конкурстың әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді.

Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 2025 жылғы 10 тамызға дейін жарияланады.

Фото: freepik.com