Мемлекеттік кеңесші Қазақстан-Ресей медиа форумына қатысты

Арман Қайыпхан

  • 18.11.2024

Мәскеу қаласында Ресейдің ТАСС ақпарат агенттігінің құрылғанына 120 жыл толуына орай «Ресей-Қазақстан: БАҚ-тың өзара әрекеттесуінің өзекті мәселелері» атты медиа форумы өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Іс-шараға Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева, Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Дәурен Абаев, Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Президент телерадиокешенінің бас директоры Раушан Қажыбаева және еліміздің ірі медиахолдингтері мен БАҚ жетекшілері арнайы барды.

Форумға РФ Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары, Ресей Президентінің Баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, РФ Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрінің орынбасары Бэлла Черкесова, ТАСС ақпарат агенттігінің бас директоры Андрей Кондрашов, ТАСС ақпарат агенттігі басшысының бірінші орынбасары Михаил Гусман, «Ресейдің қоғамдық телевидениесі» АКЕҰ бас директоры Виталий Игнатенко, «Вечерняя Москва» газетінің бас редакторы Александр Купрянов және Ресейдің басқа да ірі бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері мен өкілдері қатысты.

Ерлан Қарин өз сөзінде ТАСС ақпарат агенттігін мерейтойымен құттықтап, аталған БАҚ-тың әлемдегі беделі, оның ұжымы мен басшылығының кәсіби біліктілігі жоғары екенін атап өтті.

Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, осы медиа форум – Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, одақтастық пейілдегі қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанының айқын дәлелі.

Сондай-ақ Ерлан Қарин екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқаны үшін ТАСС ақпарат агенттігінің бас директоры Андрей Кондрашовқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ІІ дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.

Басқосуда тараптар бұқаралық ақпарат құралдары арасында бірлескен медиа жобаларды жүзеге асыру жоспарын талқылап, саланы дамытуға, оған цифрлы технологияларды енгізуге және басқа да өзекті мәселелерге қатысты пікір алмасты.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Түркияда ота жасатқан Ербаян Астанаға қайтатын болды

27.01.2025

Көлік үшін кредит алғандар рекорд орнатты

27.01.2025

Тұрмысқа шыққан қыздың тегін ауыстыруына бола ма? ҚМДБ пәтуа шығарды

27.01.2025

АҚШ-тағы Қазақстан азаматтарына қатаң ескерту жасалды

27.01.2025

Қазақстанда соңғы бес жыл ішінде 359 жаңа мешіт ашылған

24.01.2025

Көлікті 55 минут қыздырсаңыз да бәрі бір - депутат

24.01.2025
MalimBlocks
Түркияда ота жасатқан Ербаян Астанаға қайтатын болды

Көлік үшін кредит алғандар рекорд орнатты

Борышкерлер саны 559,2 мың шамасында

Тұрмысқа шыққан қыздың тегін ауыстыруына бола ма? ҚМДБ пәтуа шығарды

Діни басқарманың дерегінше, шариғатта әрбір адам өз тегімен аталуы тиіс

АҚШ-тағы Қазақстан азаматтарына қатаң ескерту жасалды

АҚШ билігі заңсыз негізде жүрген шетелдіктерге елден өз еркімен кетуге мүмкіндік беріп отыр

Қазақстанда соңғы бес жыл ішінде 359 жаңа мешіт ашылған

Көлікті 55 минут қыздырсаңыз да бәрі бір - депутат