457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Министр Сапаров ет бағасы қымбаттамайтынын айтты

Әйелі келісін 4 мыңнан алыпты

Үкіметтің баспасөз орталығында Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ет бұдан ары қымбаттамайтынын айтты. Бұл туралы Tizgin.kz-ке сілтеп Malim.kz хабарлайды. 

Министрдің сөзінше, ет сапасына қарай бағаланады. Қымбаты келісіне 5,5 мың теңге, тіпті 6 мың теңгеге дейін баруы мүмкін.

«Тығыздығы жоғары, орташа, аз болып ет категорияға бөлінеді. Соған да байланысты етке салыстырғанда баға бәлкім, 500 теңгеге өсті. Бұдан ары өсім болмайды. Фермерлер қазір келісін 3200-3500 теңгеден сатып жатыр. Әрмен қарай нарықта сатуға байланысты», — деді ол.

Сапаровтың айтуынша, қазір жақсы еттің келісін нарықта 4-4,3 мың теңгеге табуға болады.

«Әйелім келісін шамамен 4 мың теңгеге алды», — деді ол.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform