457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шымкентте етті 3500 теңгеден сатқан кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды

Шымкент қаласында жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтерген 200-ден астам кәсіпкер жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның 15-і – ет бағасын өсіргендер. Қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылау мақсатында жүздеген сауда нүктесіне мониторинг жүргізілген. Айта кетейік, сиыр еті (жауырын-кеуде бөлігі, сүйекті) – бағасы бақылауға алынған 19 атаулы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің тізіміне кіреді.

- Бүгінде Шымкент қаласында 60-қа жуық әлеуметтік сауда нүктесі жұмыс істейді. Бұдан бөлек, апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі. Онда да сүйекті сиыр еті тұрақты бағамен – килограммы 3200-3300 теңге аралығында сатылады. Ет өнімдері Түркістан облысындағы мал шаруашылығы фермаларынан тікелей жеткізіледі, — деді ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Мекамбаев.

Ол сонымен қатар, сиыр етінің таза еті (мякоть) баға реттеу тізіміне кірмейтінін атап өтті.

Басқарма басшысының айтуынша, «Каскасу-С» және «Бәйтерек» шаруа қожалықтарымен жасалған келісімшарттар аясында еттің өткізу бағасы – килограммына 2 620 теңге.

Сондай-ақ, «айналым схемасы» тетігі шеңберінде «Magnum» және «Грамад» сауда желілерімен келісімдер жасалған. Бұл сүйекті сиыр етін (жауырын-кеуде бөлігі) 2 590 теңге көлеміндегі тұрақты бағамен сатуға мүмкіндік беріп отыр.

Басқарма өкілдері базарда килограммы 3800-4000 теңгеге дейін жететін коммерциялық еттің де бар екенін айтты. Алайда кейбір сауда орындарында баға тұрақты сақталған.

Жекеменшік сауда нүктелеріндегі бағаның өсуін мамандар маусымдық сұраныс, мал азығы бағасының қымбаттауы және экспорт көлемінің артуымен байланыстырады. Соған қарамастан, қалада етке деген тапшылық пен ажиотаж байқалмайды, – деді басқарма басшысы.

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі