457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Найзағай, бұршақ, жел және өрт қаупі: дүйсенбіге ауа райы болжамы

30 маусымда Қазақстанның көптеген өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Астанада 30 маусымда найзағай күтіледі. Ақмола облысында түнде найзағай, күндіз солтүстік, оңтүстік және шығыс бөлігінде найзағай мен бұршақ болжанады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде 15–20 м/с дейін күшейеді. Көкшетауда да найзағай болжанып отыр.

Алматы облысында түнде солтүстік пен таулы аудандарда, күндіз таулы және тау бөктерлерінде найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с дейін жетуі мүмкін. Өңірдің солтүстік, батыс және орталық бөлігінде өрт қаупі өте жоғары, ал оңтүстік пен шығысында жоғары деңгейде. Алматы мен Қонаев қалаларында 30 маусымда өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында солтүстік бөлігінде шаңды дауыл мен желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Өрт қаупі өте жоғары. Шымкент пен Түркістан қалаларында да өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында күндіз солтүстік пен шығыста нөсер жауын, түнде найзағай, бұршақ, күндіз дауыл мен бұршақ болжанады. Жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Өрт қаупі батыс, шығыс және оңтүстік бөліктерінде жоғары деңгейде. Қарағанды қаласында найзағай мен бұршақ күтіледі.

Маңғыстау облысында күндіз батыс пен солтүстікте найзағай болады. Кей аумақтарда өрт қаупі жоғары. Ақтауда найзағай күтіледі.

Павлодар облысында күндіз солтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ, найзағай, ал түнде тұман болады. Желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Павлодар қаласында найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында түнде батыс пен солтүстікте, күндіз барлық аймақтарда найзағай мен бұршақ болуы ықтимал. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с. Орал қаласында да найзағай мен бұршақ болжанған.

Атырау облысында күндіз батыс пен солтүстікте найзағай күтіледі, жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Өңірдің оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Абай облысында күндіз батыс пен орталықта нөсер жаңбыр, бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Түнде найзағай, күндіз бұршақ, желдің жылдамдығы 23–28 м/с дейін жетеді. Өрт қаупі жоғары. Семейде найзағай, бұршақ және дауыл болжанады.

Шығыс Қазақстан облысында солтүстік пен шығыста нөсер жауын, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел 25 м/с дейін күшейеді. Өскеменде найзағай мен бұршақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және күндіз найзағай, бұршақ, түнде тұман күтіледі. Жел 15–20 м/с. Петропавлда найзағай мен тұман болжануда.

Қостанай облысында да найзағай мен тұман күтіледі. Өрт қаупі жоғары.

Қызылорда облысында 30 маусымда өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

Жетісу облысында түнде найзағай, желдің екпіні 23–28 м/с дейін жетеді. Өрт қаупі жоғары. Талдықорғанда найзағай күтіледі.

Ақтөбе облысында орталық бөлігінде өрт қаупі өте жоғары.

Жамбыл облысында таулы аудандарда желдің екпіні 15–20 м/с. Өрт қаупі облыс бойынша өте жоғары, ал шығысында жоғары деңгейде. Таразда да өрт қаупі сақталады.

Синоптиктер тұрғындарды ауа райының қолайсыз болуына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Фото: freepik.com