457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Найзағай, шаңды дауыл, аптап ыстық: Ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қазгидромет 2 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қызылорда облысы (солтүстік аудандар):
– Шаңды дауыл болады.
– Жел оңтүстік және оңтүстік-батыс бағыттан соғып, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15–20 м/с жетеді.
– Төтенше өрт қаупі сақталады; облыстың орталығы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі жарияланған.

Батыс Қазақстан облысы (батыс және солтүстік аудандар):
– Найзағай ойнап, күндіз қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі.
– Жел солтүстік-батыс бағыттан соғып, облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15–20 м/с болады.
– Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысы:
– Түнде шығыста, күндіз батыс пен солтүстікте найзағай болады.
– Жел батыс және солтүстік-батыс бағыттан соғып, күні бойы облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15–20 м/с жетеді.
– Облыстың солтүстік-батысы мен шығысында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстік, батыс және солтүстік аудандарда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысы:
– Батыс пен орталық аудандарда жоғары өрт қаупі, облыстың қалған бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент:
– Төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысы (солтүстік және шығыс аудандар):
– Найзағай күтіледі.
– Күндіз ауа температурасы +38°С-қа дейін қатты ыстық болады.
– Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, ал батыс аудандарда төтенше өрт қаупі жарияланған.

Жамбыл облысы (таулы аудандар):
– Найзағай болады.
– Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады; күндіз таулы аймақтарда екпіні 15–20 м/с жетеді.
– Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, ал батыс, шығыс және таулы аудандарда төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысы (батыс және оңтүстік аудандар):
– Найзағай күтіледі.
– Түнде батыс пен оңтүстігінде тұман болады.
– Облыс орталығында жоғары өрт қаупі, шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарында төтенше өрт қаупі жарияланған.

Ақтөбе облысы (батыс, солтүстік және шығыс аудандар):
– Найзағай күтіледі.
– Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін батысқа ауысады; облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с болады.
– Күндіз облыстың оңтүстігінде ауа температурасы +35…+37°С дейін қатты ысып, жоғары өрт қаупі сақталады; оңтүстік-шығысы, оңтүстігі мен батысында төтенше өрт қаупі жарияланған.

Фото: freepik.com