457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алдағы үш күнде Қазақстанда күн күрт салқындайды

Қазақстанның көп аймағында қыркүйектің алғашқы күндерінде ауа райы күрт өзгеріп, суық ауа массалары енеді, деп хабарлайды Malim.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, ел аумағына Новой Земля аймағынан келген суық антициклон әсер етуде.

Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы +2…+8°С дейін төмендейді.

Кей жерлерде топырақ бетінде -2°С дейін үсік жүруі мүмкін.

Күндізгі температура оңтүстікте де төмендеп, +20…+28°С шамасында болады.

Тек батыс және оңтүстік-батыс аймақтарда Ираннан келген жылы ауа массалары әсерінен +32…+40°С ыстық сақталады.

«Антициклон Қазақстан аумағына салқын ауа әкеледі. Бірқатар облыстарда ауа райының тұрақсыз сипаты байқалып, түнде үсік жүру қаупі бар», – деп хабарлады «Қазгидромет».

Мына аймақтарда күн күрт салқындайды:

  • Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары;
  • Қостанай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан өңірлері;
  • Жекелеген жерлерде Алматы облысының тау бөктерінде де салқын болады.

Бұл күндері ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін алғашқы үсік күтіліп отыр.

Фото: © istockphoto.com