28 қазанға арналған ауа райы болжамы
Қазақстан аумағында 28 қазанда ауа райы құбылмалы болып, бірқатар өңірде жаңбыр мен найзағай болады. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Синоптиктердің болжамынша, батыста, шығыста, сондай-ақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда жауын-шашын түседі.
Ал солтүстік, солтүстік-батыс және орталық облыстарда ауа райы құрғақ болады.
Түнгі және таңертеңгі уақытта елдің көп бөлігінде тұман түседі.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста найзағай, батыс, оңтүстік және шығыс өңірлерде желдің екпіні күшейеді.
Бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Атап айтқанда, Ұлытау, Атырау, Актөбе, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Маңғыстау, Қызылорда, Жетісу және Абай облыстарының көп бөлігінде өрттің шығу қаупі жоғары деп ескертілді.
Ал Қызылорда, Түркістан, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы, Қостанай және Улытауоблыстарының кей аумақтарында өрт қаупі өте жоғары деңгейге жеткен.
Мамандар азаматтарға ашық отты қолданғанда сақ болуды ескертіп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Фото: © freepik.com