457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Орал қаласы маңындағы саяжайларды су басты

БҚО Жайық өзенінің суы көтеріліп, бірқатар саяжайды су басты.

Су астында қалған үй саны – 3 мың 294. Соңғы деректерге қарағанда, Орал қаласына су жетпеген. Бұл туралы Қазақпарат агенттігі хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, 21-сәуірде Батыс Қазақстан аумағындағы Жайық өзені 854 сантиметрге көтерілген. Ал шекті деңгей 850 сантиметр. 

Облыстық ТЖ департаментінің хабарлауынша, өңірде апаттық-құтқару жұмыстарына 10 663 адам, 1 927 техника, 213 су тарту құралы, 197 қайық пен 5 тікұшақ жұмылдырылған.

Ал «Қазгидромет РМК» өкілдерінің сөзінше, Жайық өзенінің бойында орналасқан Бөрлі, Бәйтерек, Теректі, Ақжайық аудандарындағы елді мекендерді де су басу қаупі бар.

Сондай-ақ, мекеме қызметкерлері 23,24,25 және 26-сәуір күндері Батыс Қазақстанда жаңбыр жауады деп болжанғанын айтады.

Фото: Видеодан скриншот