Өскеменде Конституция және қала күні тойланды

Өскеменде Республика алаңында Конституция және қала күніне арналған үлкен концерт өтті.

Malim Админ

  • 31.08.2024

Жергілікті өнерпаздармен қатар, еліміздің танымал жұлдыздары шырқаған хит әндерді тыңдауға жиналған өскемендіктер мен қала қонақтары көп болды. 

Мерекелік кеште «Мисс Өскемен» байқауы өтіп, ақылына көркі сай Шығыстың хас сұлулары өзара бақ сынасты. Нәтижесінде, көпшілік дауыспен «Мисс Өскемен» атағын Бағым Балтабаева жеңіп алды. Ол енді республикалық «Мисс Қазақстан-2024» байқауына қатысады. 

Қос мереке құрметіне Байжігіт атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі мен «Ертіс концерт» әншілері өнер көрсетті. Сонымен қатар, Қазақстан эстрадасының жарық жұлдыздары Ержан Максим, Әміре, Қобыланды сынды әншілер өскемендік тыңдарманға ерекше әсер сыйлады. Қырғызыстан елінің жұлдызы, әнші Джакс та арнайы келіп, қала тұрғындарына керемет көңіл-күй сыйлады.  Көңілді де көрікті концерттің ұйымдастырылып жатқанына өскемендіктер тек алғыс айтып жатты. 

-    Әуелі, баршаңызды Конституция күнімен және қала күнімен құттықтаймын! Бүгінгідей кеш сыйлап жатқан қала басшылығына, осы шараның басы-қасында жүрген қыз-жігіттерге мың да бір алғыс айтамын! Өскеменіміз жасасын, Ата заңымыз жасасын!» дейді қала тұрғыны Мұхамедбек Керей. 

Мереке сайын орталық алаңнан табылатын Айдана Болатқызы да салтанатты шараның өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтты. 

-    Бүгін күні бойы іні-қарындастарымды алып, орталық алаңда жүрміз. Халықтың көңіл-күйін көтеруі үшін барлық жағдай жасалған. Ал кешкі концерт тіпті керемет. Әсіресе, жастардың жақсы көретін әншілері шақырылыпты.

Жалпы, Өскемен жастардың қаласындай болып кетті. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын!,- деді Айдана Болатқызы.

Кеш соңында сахна төріне қала әкімі Жақсылық Омар шығып, Өскемен жұртын қос мерекемен құттықтады.

– Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары және қонақтары! Сіздерді бүгінгі атаулы күндермен құттықтаймын. Бұл күнге ерекше дайындықпен келеміз. Мереке құтты болсын! Қаламыз өсіп-өркендей берсін! – деді Жақсылық Мұқашұлы. 

Одан соң әкім «Кел, сөйлесейік» және «Өскемен старс» байқауларының жеңімпаздарына сыйлық табыс етті.

Кеш соңында «Өскеменім» әні айтылып, көкке от шашу шашылды.

Автор: Мәдина Қайнарова

Байланысты жаналықтар

«Eastiler» - мықты жастардың ортасына айналған ұйым

16.09.2024

1700 литр алма шырыны. Алматылықтар ерекше рекорд жасады

16.09.2024

Алматы әкімі Ерболат Досаев алматылықтарды Қала күнімен құттықтады

15.09.2024

Алматылықтар бүгін қала күнін атап өтіп жатыр

15.09.2024

Алматыда Apple Fest-те 127 тонна алма сатылымға шығарылады

14.09.2024

Өскеменде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жүлдегерлері марапатталды

04.09.2024
MalimBlocks
«Eastiler» - мықты жастардың ортасына айналған ұйым

«Eastiler» атауы бірнеше мағына береді: «дауысымыз билікке, халыққа естілер», «есті жандар, ақылдылар», «шығыстықтар»

1700 литр алма шырыны. Алматылықтар ерекше рекорд жасады

Бұл Қазақстанның ғана емес, әлемнің рекорды

Алматы әкімі Ерболат Досаев алматылықтарды Қала күнімен құттықтады

Мерекелік шаралар Көктөбеде мерекелік отшашумен аяқталады

Алматылықтар бүгін қала күнін атап өтіп жатыр

Қала күніне орай 150-ден астам мерекелік шара жоспарланған

Алматыда Apple Fest-те 127 тонна алма сатылымға шығарылады

Ол күндері қоғамдық көліктердің қатынау уақыты ұзарады

Өскеменде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жүлдегерлері марапатталды