Павлодарда балабақша директоры мен бас есепшісі 63 млн теңге жымқырған

Павлодарда 63 млн теңге жымқырғаны үшін балабақша директоры мен бас есепшісі сотталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 29.03.2024

Polisia.kz мәліметінше, Павлодар қаласының 62 жастағы тұрғыны балабақша директоры лауазымында жұмыс істеп, есепшісімен бірге өзіне сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде жымқыру жолымен ұрлап кеткен.

Директор мен есепші жеті жыл ішінде заңсыз бірнеше штаттық бірліктерді белгілеп және белгіленген бірліктерден тыс қосымша төлемдерді өз пайдасына заңсыз есептеп отырған. Сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аудармалар жасаған.

Осылайша, қаскөйлер мемлекетке жалпы сомасы 63 млн теңгеге жуық материалдық шығын келтірді. Сот оларды ҚР ҚК-нің 189 бабында (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тауып, жеті жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бұрынғы балабақша директоры бүгінде Абай облысы ҚАЖД-ға қарасты № 23 мекеменің карантин бөлімшесінде жазасын өтеуді бастады. Мекеме қызметкерлері онымен тәрбиелік-психологиялық сипатта жұмыстар жүргізіп жатыр. Сотталған азамат өз кінәсін мойындады, мемлекет пайдасына және жәбірленушілерге келтірілген борыштың бір бөлігін төледі. Қалған борышты төлеу үшін жазасын өтеу барысында жұмысқа орналасып төлеуге де дайын.

Ал бұрынғы есепшіге қатысты, сот сотталушының бес жасар қызы бар екенің ескеріп, оған бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын өтеуді кейінге қалдырды, - дейді мекеме бастығының орынбасары Анар Сабиева.

Фото: tengrinews.kz

Байланысты жаналықтар

Тұман, бұрқасын... Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

22.02.2025

Жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті

21.02.2025

Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған

21.02.2025

"Блогерлер салық төлеңдер!". Комитет хабарламасын қайтарып алды

21.02.2025

Перизат Қайрат мүгедек балаларды пайдаланып қайырымдылық ұйымдастырған – ҚМА

21.02.2025

Павлодарда үй өртеніп, адамдар құтқарылды

20.02.2025
MalimBlocks
Тұман, бұрқасын... Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Кей өңірлерде жел күшейеді

Жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті

Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған

"Блогерлер салық төлеңдер!". Комитет хабарламасын қайтарып алды

Перизат Қайрат мүгедек балаларды пайдаланып қайырымдылық ұйымдастырған – ҚМА

Павлодарда үй өртеніп, адамдар құтқарылды

Бір адам ыстан уланып, ауруханаға түскен.