Қазақстан Испаниядан 145 млн еуроға алып ұшақ сатып алды

Арман Қайыпхан

  • 05.12.2024

Қазақстаның Әскери-әуе күштері А-400М әскери-көліктік ұшағымен толықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматыда қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қарулы күштердің авиаторлары мен іс-шара қонақтары алдында сөз сөйледі.

Салтанатты митингке Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, отставкадағы авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров, Airbus Military еуропалық концернінің өкілі Элена Парийя Мартин, ҚР Қарулы күштерінің ардагері запастағы полковник Владимир Платошин, әскери-көліктік эскадрильяның жеке құрамы, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері, азаматтық авиация академиясының студенттері және «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.

Ұшақ экипажының командирі подполковник Асылбек Жұмабаев қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовқа Испаниядан тұрақты орналасу пунктіне аман-есен келгені туралы баяндады.

Қорғаныс ведомствосының басшысы іс-шараға қатысушыларды айтулы оқиғамен құттықтады.

«Заманауи, ұтқыр, жоғары технологиялық армия қашанда елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қорғаныс қабілетін нығайтудың кепілі болып қала береді. Бүгін мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында біз жеке құрамды, ауыр жүктерді, техниканы тасымалдауға, гуманитарлық операциялар асындағы тапсырмаларды орындауға арналған әскери-көліктік ұшақ алдық», – деді генерал-полковник Р. Жақсылықов.

Сондай-ақ, министр Airbus Military компаниясының өкілдеріне Испанияның Севилья қаласындағы авиациялық даярлық орталығында қазақстандық мамандарды оқытуға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.

«Ұшу және инженерлік-техникалық құрам белгіленген мерзімде авиатехниканы басқару мен қызмет көрсетуге қажетті теориялық қайта даярлаудан өтті. Концерн өкілдері бізге осыған қатысты қажетті технологиялық ақпарат берді. Болашақта біздің мамандар оған өз бетінше қызмет көрсетіп, тиісті регламенттік іс-шараларды жүргізе алады», – деп толықтырды ол.

Естеріңізге сала кетейік, Airbus Military авиажасау концернімен екіжақты ынтымақтастық бүгінде еліміздің Әскери-әуе күштерінде сәтті пайдаланылып жүрген С-295 ұшақтарын сатып алған 2013 жылы жолға қойылған болатын.

Сондай-ақ, әуе кемесінің техникалық сипаттамаларын да атап өткен жөн. А-400М әскери-көліктік ұшағы 37000 кг жүкті тасымалдауға қабілетті. Максималды жылдамдығы – сағатына 802 км. Ал ұшу биіктігі – 12200 м, практикалық қашықтығы – 7870 км.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Байланысты жаналықтар

Тұман, бұрқасын... Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

22.02.2025

Жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті

21.02.2025

Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған

21.02.2025

"Блогерлер салық төлеңдер!". Комитет хабарламасын қайтарып алды

21.02.2025

Перизат Қайрат мүгедек балаларды пайдаланып қайырымдылық ұйымдастырған – ҚМА

21.02.2025

Павлодарда үй өртеніп, адамдар құтқарылды

20.02.2025
MalimBlocks
Тұман, бұрқасын... Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Кей өңірлерде жел күшейеді

Жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті

Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған

"Блогерлер салық төлеңдер!". Комитет хабарламасын қайтарып алды

Перизат Қайрат мүгедек балаларды пайдаланып қайырымдылық ұйымдастырған – ҚМА

Павлодарда үй өртеніп, адамдар құтқарылды

Бір адам ыстан уланып, ауруханаға түскен.