Қазақстанда күн қайта суытады

«Қазгидромет» алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының күрт өзгеретіні туралы дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Көптеген өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыс пен оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда түнде жаңбыр мен қар күтіледі.
Астана қаласында және Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Ақтөбе, Абай, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы 3-4 градусқа дейін төмендейді.
2 мамырда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін.
Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі уақыттарда үсік сақталады.
Сондай-ақ ел аумағында жел күшейіп, түнгі және таңғы мезгілдерде тұман түседі деп күтілуде.
Фото: pixabay.com