Қазақстандағы су тасқыны: қазіргі ахуал қандай

Абай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола және Қостанай облыстарында жағдай тұрақты, жергілікті өзендердегі су деңгейі біртіндеп төмендеуде.

Malim Админ

  • 23.04.2024

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Садықов Қазақстандағы су тасқынына қатысты соңғы мәліметтерді айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта Атырау, Батыс, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Ресейдің Ирикла су қоймасынан Жайық өзеніне ағызған судың салдарынан батыста жағдай күрделене түсті, ал солтүстікте су Ақмола облысынан келіп жатыр.

Абай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола және Қостанай облыстарында жағдай тұрақты, жергілікті өзендердегі су деңгейі біртіндеп төмендеуде. Бұл өңірлердегі елді мекендерді су басу қаупі жоқ.

Төтенше жағдай аймақтарындағы елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мәселелері жедел шешілуде.

Бұл ауызсуды жеткізуге, энергиямен жабдықтауды және көлік байланысын қалпына келтіруге қатысты. Су тасқынын жою жұмыстары басталғаннан бері шамамен 11,6 миллион текше метр су сорылып, 5 миллионнан астам құм қапшық төселді, - деді ТЖМ вице-министрі.

Сонымен қатар ол су тасқынын жоюға 32 мыңнан астам адам, 5 мыңға жуық техника, 310 жүзу құралдары мен 13 тікұшақ қатысып жатқанын айтты.

10 өңірге авариялық және шұғыл жұмыстарды үздіксіз жүргізу үшін көптеген арнайы техникалар мен басқа да мүліктер жедел броннан шығарылды. Олар мен қосымша күштер Қазақстан темір жолы арқылы өңірлерге уақтылы жеткізілді. Қазір кейбір күштер өз аймақтарына оралуда. ТЖМ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су басу қаупін азайту үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, су қоймаларын тәулік бойы бақылауды жалғастыруда, - делінген хабарда. 

Фото: ТЖМ

Байланысты жаналықтар

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды