Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ 7783 адам құтқарылғанын мәлімдеді

Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздегі су тасқынына қатысты ахуалды баяндады. Соңғы деректерге сәйкес, азаматтық қорғау қызметтерімен 7783 адам құтқарылып, эвакуацияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 30.03.2024

ТЖМ ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстарында 6000-нан астам адам, 3000 техника және ТЖМ, Қорғаныс министрлігінен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен, Ұлттық ұланнан 12 әуе кемесі жұмылдырылды. Республикалық жедел штабтың бақылауында 7 облыс тұр. Олар: Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан және Павлодар облыстары.

Су тасқыны басталғалы бері азаматтық қорғаныс қызметтері 7 783 адам, оның ішінде 2 800 баланы қауіпсіз жерлерге жеткізді. Уақытша қоныстану тіректеріне 3 131 адам, оның ішінде 1093 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс мининистрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ұлттық ұланның әуе кемелерімен 644 адам, оның ішінде 236 бала құтқарылды. ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 3,5 млн астам текше метр еріген су сорылды, 300 мыңнан астам қапшық және 45 мың тонна инертті материал төселді, - делінген ресми хабарламада.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.