Қазақстандық акробаттар Гиннестің рекордтар кітабына енді

Алматылық цирк әртістері Батыр Жанұзақ пен Марлен Маратов Италияның Милан қаласында өткен Lo Show Dei Record халықаралық шоуында ерекше рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Mlaim.kz.
Өнерпаздар «Бастан тік тұрып, бір адамның арқасында екі сатымен көтеріліп-түсу бойынша ең жылдам уақыт» номинациясында 36,66 секунд нәтижемен рекорд орнатқан. Көрермендер мен қазылар алқасы олардың керемет дайындық деңгейі мен үйлесімділігіне таңданысын білдірген.
Батыр Жанұзақ пен Марлен Маратов бұған дейін America’s Got Talent, Britain’s Got Talent және China’s Got Talent шоуларына қатысып, әлемдік аренада танылған болатын. Енді олардың есімі ресми түрде әлемдік рекордтар кітабына тіркелді.
Фото: Алматы қалалық Мәдениет басқармасы