«Алматы көшбасында». Қазақстан азаматтары айыппұл төлеуден рекорд жаңартты

Сабина Асқарқызы

  • 21.02.2025

Қазақстандықтарға былтыр 304 млрд теңге айыппұл салынды. Ал әкімшілік құқықбұзушылық саны 15 миллионнан асқан, деп хабарлайды Malim.kz 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Кейінгі 5 жылдың ішінде елде тіркелген әкімшілік құқықбұзушылықтар саны 2,5 есе өсті. Ал айыппұлдың өсімі былтыр рекордтық көрсеткіш тіркеді. 2019 жылғы статистикамен салыстырғанда 4 есе өсіпті.

Әкімшілік құқықбұзушылық саны:

2019 жыл – 6 084 055 теңге

2024 жыл – 15 130 010 теңге

 Әкімшілік айыппұл мөлшері:

2019 жыл – 71 858 473 430 теңге

2024 жыл – 304 271 231 508 теңге

Айыппұл сомасы бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Мегополис тұрғындары 60 млрд теңге төлеген. Дені жол ережесіне қатысты екеніне айта кету керек. Одан кейін тізімді Маңғыстау облысы жалғайды. Онда 40 млрд теңгеден аса қаржыға хаттама толтырылған. Бұл өңірде айыппұл негізінен экологияны бұзған кәсіпорындарға салынды. Ал үштікті Атырау облысы түйіндеп тұр. Мұнда тұрғындар 31 млрд теңгенің айыппұлын арқалады.

Елорда антилидерлер тізімінде төртінші орында. Өңірлер бойынша салынған айыппұл көлемі:

Алматы қаласы – 60,1 млрд теңге

Маңғыстау – 40,5 млрд теңге

Атырау – 31,8 млрд теңге

Астана – 28 млрд теңге

 Тәртіп бұзғандардың басым бөлігі айыбын қаржымен өтейді. Ал ескерту сирек беріледі. Заңды бұзғандардың 84%-на хаттама толтырылған. Бұл тұрғыда заңгер Нұрсұлтан Орынбек мәселенің салдарымен емес, себебімен күресуді ұсынып отыр.

Адамдарды жазалағаннан гөрі мүмкіндігінше түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ескерту беріп, құқықтық мәдениетті бала кезден қалыптастыру керек деп есептеймін, - дейді ол.

Ал мәжіліс депутаты Үнзила Шапақтың айтуынша, ескерту шарасы жаза ретінде тиімділігін көрсетпеді. Мемлекеттік органдардың ұстанымы осындай.

Соңғы жылдары ескерту шарасы жаза ретінде тиімді емес деп танылды, мемлекеттік органдардың ұстанымы осындай.

Біз ескерту жасаймыз. Бірақ заңбұзушылық жасала береді. Сондықтан қалтасына түсу шарасы болып жатыр. Әрине, екі жақтан да бақылауға алу керек. Заңды тұлғаларды да, жеке тұлғаларды да заңда көрсетілген талаптарды бұзбауға үйрету керек, - дейді Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ.

Депутат құқықтық сауаттылықтың да маңызына тоқталады. Халық заңға тиянақты болса, жазадан да ада болар еді. Ал Мәжіліс тарапынан әкімшілік айыппұлдар мөлшерін азайтуға қатысты ұсыныс жасалып жатқанын айтады.

Төмендету бойынша сұрақтар көтеріліп жатыр. Себебі азық-түлік бағасының ұлғайтылуына байланысты, жалақының өзгермеуіне байланысты міндетті түрде қойылатын жаза, алатын айыппұл адамдардың төлем қабілеттілігіне сәйкес келуі керек. Одан тыс жоғары бағаларда ала білген ол әрекетті шектеуге тиімді емес, - дейді Үнзила Шапақ.

Бұл мәселе алдағы күндердің еншісінде. Айыппұлды азаматтардың табысына қарай саралап есептеу – халықаралық тәжірибеде бар үрдіс.

Фото: ftwitty/Getty Images 

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025

Ер адам жол қиылыстарындағы 52 камераны атып сындырған

14.04.2025

Ұлының әрекеті үшін анасы сот алдында жауап берді

10.04.2025

Алматыда ер адам биіктен құлап, қаза тапты

10.04.2025

Алматылықтарға ескерту жасалды

10.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады

Ер адам жол қиылыстарындағы 52 камераны атып сындырған

Әлеуметтік желіде оны батыр деп жатқандар бар.

Ұлының әрекеті үшін анасы сот алдында жауап берді

Жаңаөзен тұрғыны ұлының мектепке жарылғыш зат қойылғаны жөнінде жалған хабар бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Алматыда ер адам биіктен құлап, қаза тапты

Алматыда ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қаза тапты

Алматылықтарға ескерту жасалды

Қазгидромет Алматы мен еліміздің әр өңіріндегі басқа да қалалардың тұрғындарына ескерту жасады,