457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық жас шахматшылар блицтен әлем чемпионы атанды

Қазақстандық жас шахматшылар Елназ Қалиахмет пен Даниял Сәпенов Словенияда өткен жасөспірімдер арасындағы (14-18 жас арасы) әлем чемпионатында блицтен жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлем чемпионатына 36 елден 320-дан астам жас шахматшы қатысты. Олардың қатарында 1 гроссмейстер, 4 халықаралық шебер, 54 FIDE шебері болды. Қазақстан атынан қатысқан шахматшылар 22 турлық швейцариялық жүйедегі блиц форматында (3+2) сәтті өнер көрсетті.

ҚР шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, отандастарымыз 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль еншіледі. 

1. Елназ Қалиахмет (G14) - 16 ұпай.

1. Даниял Сәпенов (O16) - 16½ ұпай.

2. Амина Қайырбекова (G18) - 16 ұпай.

3. Мирас Асылов (O16) - 16 ұпай.

Фото: tengrisport.kz