Қазақстанға Түркияда бой тасалап жүрген екі қылмыскер қайтарылды
Ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген екі ер адам Түркияда ұсталып, Қазақстанға қайтарылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы прокурорлары экстрадицияға қол жеткізді.
"Алматы прокуратурасы ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстанның екі азаматына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оларды ерікті түрде елге қайтарды. Қашқындар Түркия Республикасының аумағында тергеу органдарынан бес жылдан астам уақыт бойы жасырынып жүрген", - деп хабарлады Алматы прокуратурасы.
28-наурыз Алматы әуежайында Қазақстан аумағына өткен аталған тұлғалар қамауға алынды.
Естеріңізге сала кетейік, 20 наурызда Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдіктіні Біріккен Араб Әмірлігінен экстрадициялаған болатын.
Фото: Интернеттен