Қожамжаров азаптаулардан кейін ҰҚК қызметкерлеріне жала жабуды талап еткен

Арман Қайыпхан

  • 26.02.2025

Экс-сенатор және бұрынғы экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің (АБЭКП) төрағасы Қайрат Қожамжаровтың үш бұрынғы бағыныштысына «Қорғас ісі» бойынша жаңа айып тағылды. Істе бұрынғы қаржы полициясы басшысының қылмыстық іс фигуранттарын азаптаудан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) қызметкерлеріне қарсы жалған куәлік беруді талап еткені туралы эпизод бар, деп хабарлайды Malim.kz КазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

Азаптау туралы істен үзінді

“2011 жылғы 14 маусымда «Қорғас ісінің» фигуранты Т. Қайырбаев АБЭКП төрағасы Қожамжаров К.П.-мен оның кабинетінде кездесті. Кездесуге Талғат Татубаев (Қожамжаровтың «қолбаласы») және Ұлан Мәдиев (АБЭКП арнайы департаментінің экс-басшысы) те қатысқан. Қожамжаров ҰҚК қызметкерлеріне қарсы куәлік беруді талап етіп, Татубаев пен Мәдиевтің айтқанын орындауды бұйырды. Осы кездесуден кейін қаржы полициясының жертөлесінде сенімге құрылған әңгіме болды”, – делінген КазТАГ-тың қолындағы азаптаулар туралы істің құжатында.

Редакцияға дереккөз ұсынған құжатта айыптау тарапының қолында видеожазба бар екені де айтылған.

“Тексеруге қатысқан жәбірленушілер Т.Н. Қайырбаев пен Б.А. Отарбаев видеожазбада оларға Мәдіев пен Татубаевтың жертөледе сұрақ қойғанын растады”, – делінген құжатта.

Фигуранттарды жертөледе азаптау

Құжатқа сәйкес, Қайырбаев пен Отарбаев қатігез азаптауға ұшыраған – бастарына қап кигізіп, «Қорғас ісі» бойынша қаржы полициясына қажетті куәлік алу үшін ұрып-соққан. Оларға ҰҚК қызметкерлеріне қарсы жала жабуды талап еткен. Бұдан бөлек, құжатта азаптауларға тек қаржы полициясының қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар басқа қылмыстық істер бойынша тергеу изоляторында отырған, бұрын бірнеше рет сотталған адамдар да қатысқаны жазылған.

“Осы кездесуге (Қожамжаровтың кабинетінде – КазТАГ) қатысты Татубаевтың сенімге құрылған әңгімесінен үзінді: «…екі шартты орындадым, маңызды, иә? … Жоғары деңгейде маңызды. …Төрағаның өзіне бәрібір, бәрі дәлелденді. Ол бұны біліп отыр…» Сонымен қатар, Татубаев пен Мәдіевтің қатаң костюмде болғаны да олардың Қожамжаровтың кабинетінде болғанын дәлелдеуі мүмкін, өйткені ол жерге қарапайым киіммен кіру мүмкін емес еді”, – деп көрсетілген құжатта.

Азаптау ісі бойынша айыпталушылар

Азаптау ісінде Мәдіевтен бөлек, АБЭКП арнайы департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің экс-басшысы Талғат Абдрахманов, арнайы департаменттің жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру бөлімінің бұрынғы аға инспекторы Қасым Әбубәкіров, сондай-ақ Астанадағы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (ҚАЖД) басшысының режим және жедел жұмыс жөніндегі экс-орынбасары Бекболат Мейрамбеков айыпталушы ретінде қарастырылып отыр.

КазТАГ бас прокуратураға осы жағдайға қатысты сұрау жолдады.

Фото: olympic.kz

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.