Құлсарыда 2500 үйді су басты

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Министрлік мәліметінше, 5-сәуір түнгі 22:00 шамасына дейін құтқарушылар қаладан 4 мың адамды қауіпсіз жерге көшірген. Оның 1 мыңдайы бала.
Құтқару жұмыстарымен барлығы 4000 волонтер айналысып жатыр. Оның 1 мыңдайы Маңғыстау облысы, Бейнеу аданынан келген еріктілер.
Қабылдау пункттеріне 2 мыңнан астам адам орналастырылған. Жылыой ауданында Төтенше жағдай жарияланды.
Құлсарыны қар суының басуына Жем өзенінің тасуы себеп болған. Облыс әкімі Серік Шәпкенов зардап шеккендердің барлық шығыны өтелетінін айтты.
Фото: Интернеттен

Самое читаемое
