Ринат Зайытов Үкіметке үлескерлердің жанайқайын жеткізді

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Ішкі істер министрі Ержан Саденовке, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиге депутаттық сауал жолдап, үлескерлердің жанайқайын жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 27.03.2024

Еліміздегі өзекті мәселелердің бірегейі ол тұрғын үй мәселесі екенін жақсы білесіздер. Және де ол бір жақты ғана емес, жан-жақты. Иә, проблема барлық аймақта бар. Бірақ Астананың жайы ерекше. Үлескерлердің өз баспанасынан айырылып қалуынан бастап, елордада апта сайын бой көтеретін тұрғын үй кешендерінің сын көтермес сапасына дейін. Жүгенсіз заңсыздықтар мен мыңдаған халықтың естілмей, естілсе де ескерілмей жатқан мұңы бар бұл жағдайды бір жақты қылмаса, іс насырға шабуы әбден мүмкін, – деді ол.

Депутат «Азия плюс» тұрғын үй кешенінде тұрғындар, яғни қариялар, кішкене балалар мен жүкті аналар, сондай-ақ мүгедектігі бар тұлғалар өз үйлеріне кіретін есігінің не кіреберісінің болмауына байланысты, күнделікті паркинг арқылы кіруге мәжбүр екенін айтты.

Соның салдарынан бір баланы көлік қағып, күні кеше ғана 16 наурызда екі жеткіншек арсыз педофилдің қолына түсе жаздаған фактілері анықталған. Онымен бұл мәселе біткен жоқ, бұл үйді тұрғындарға сатар кезде «Бизнес» санатындағы үй деп сатып, бірер жыл өткен соң пайдалануға қабылдау кезінде «Эконом» санатына ауыстыра салулары да мүмкін екен. Сонымен қатар «Успешный дом» тұрғын үй кешенінің тұрғындары да алаяқтық іс-әрекеттерге ұшырап отыр. Бұл көп өзекті мәселелердің біразы ғана, айта берсек, айлап тауыспайтындай зар бұл.

Мәселенің мән-жайын анықтамақ оймен бір емес бірнеше әрекет жасап көрдік. Халықты ойлап жатқан бірде-бір құзыретті орган көрмедік. Олар халықты ойлауға емес, халықпен ойнауға машыққандай көрінді өз басыма, - деді ол.

Ринат Зайытов тұрғындар алаяқтық фактісі бойынша арыз жазса да, іс қозғалмағанын, халықтың пайдасына шешілген сот шешімі орындалмағанын жеткізді.

Осындай да біздің заңдар қарапайым халықтың мүддесін қорғауға келгенде неге қауқарсыз бола қалады? Ал жауапты органдар кінәні бір-бірінен іздеп, әдеттерінше ақсерек-көксерек ойнап отыр.

Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлейтін,

Көзі қисық болса да, көкесі барлар көсем болатын әдеттен қашан арыламыз?! – деді Мәжіліс депутаты.

 

Фото: el.kz

Байланысты жаналықтар

Тұман, бұрқасын... Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

22.02.2025

Жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті

21.02.2025

Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған

21.02.2025

"Блогерлер салық төлеңдер!". Комитет хабарламасын қайтарып алды

21.02.2025

Перизат Қайрат мүгедек балаларды пайдаланып қайырымдылық ұйымдастырған – ҚМА

21.02.2025

Павлодарда үй өртеніп, адамдар құтқарылды

20.02.2025
MalimBlocks
Тұман, бұрқасын... Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Кей өңірлерде жел күшейеді

Жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті

Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған

"Блогерлер салық төлеңдер!". Комитет хабарламасын қайтарып алды

Перизат Қайрат мүгедек балаларды пайдаланып қайырымдылық ұйымдастырған – ҚМА

Павлодарда үй өртеніп, адамдар құтқарылды

Бір адам ыстан уланып, ауруханаға түскен.