«Сабақ болды». Қазақстанды «штрафстан» деген Перуашев қателескенін айтты

Тоқаев Қазақстанды мазақ қылғандарға қатаң ескерту жасаған еді

Malim Админ

  • 29.01.2025

Депутат Азат Перуашев алдында ғана Қазақстанды «Штрафстан» деп айтқаны ағаттық болғанын мойындады, деп хабарлайды Malim.kz.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды мазақ қылуға бейім азаматтарға қатаң ескерту жасап, бұл үрдістің күшейіп бара жатқанын айтты. Сондай-ақ, тіпті кейбір депутаттардың да елді түрлі атаулармен келемеждеуге көшкенін сынға алды.

Сәтсіз термин қолдандым. Бұл бізге парламентте ресми тіл қолдану керек екеніне сабақ болды, – деді Перуашев.

Сонымен қатар, президенттің кешегі ескертпесі орынды екенін айтты.

Кейбір азаматтар елімізді мазақ қылуға әуестеніп барады. Мысалы, өзге елдердің өкілдері жоқ жерден «керемет жетістіктерді, табыстарды» тауып алып, оны шетелге жан-жақты насихаттап жатады. Ал біздің азаматтар, олардың ішінде шоу-бизнес өкілдері, өзін-өзі «қоғам белсендісі» санайтын жастар, тіпті, депутаттар да бар, Қазақстанға неше түрлі лақап ат қоятын болды. Бұл енді мүлдем түсініксіз, ақылға сыймайтын нәрсе, – деді Тоқаев.

Фото: видеодан скрин  

Байланысты жаналықтар

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025
MalimBlocks
Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты