Сейсмикалық ахуалды бақылау жөніндегі жедел штаб күндіз-түні жұмыс істеуге көшті

Сабина Асқарқызы

  • 29.03.2025

Төтенше жағдайлар министрлігі басшысының тапсырмасы бойынша сейсмикалық ахуалды бақылау жөніндегі жедел штаб тәулік бойы жұмыс тәртібіне көшті, деп хабарлайды Malim.kz.

Шаралар жедел ден қоюға және ықтимал табиғи апаттардың салдарын азайтуға бағытталған. Бұл туралы ҚР ТЖМ мәлім етті.

ҚР ТЖМ командалық орталығының негізінде Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді.

Ведомстволар арасындағы үйлестіруді арттыру және азаматтық қорғау күштерінің дайындығын жақсарту мәселелері талқыланды. ТЖ салдарын жою жөніндегі іс-қимыл жоспарлары өзектендірілді, сондай-ақ жақын маңдағы аумақтық бөлімшелерден құтқарушылардың жедел топтары дайындыққа келтірілді. Бұдан басқа, ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және іс-қимылдарды үйлестіру үшін аумақтық штабтармен бейнеконференция өткізілді. Вице-министр апатты салдардың алдын алу үшін барлық қызметтердің жеделдігі мен үйлесімді жұмысының маңыздылығын атап өтті.

 Ведомствоаралық үйлестіруді ұйымдастыру үшін ведомство басшылығының құрамынан құрылған ТЖМ жедел тобы жөнелтілді. Құтқарушылар есептоптары мен арнайы техника қауіп-қатерге тез ден қою үшін Жамбыл облысының сейсмикалық қауіпті елді мекендеріне көшірілді.

Сейсмикалық белсенділіктің мониторингін өткізу, халықты ақпараттандыру және шұғыл қызметтерді ықтимал төтенше жағдайларға дайындауға ерекше назар аударылды. Қабылданған шешімдер азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өнеркәсіп пен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын қоса алғанда, негізгі инфрақұрылымды қорғауға бағытталған.

Министрлік жағдайды бақылауды жалғастырады және одан әрі іс-қимылдар туралы уақтылы хабардар етеді.

Фото: ҚР ТЖМ

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

Түркияда бір түнде үш рет жер сілкінді

13.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Астанада «Шапағат» базары өртеніп жатыр

08.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

Түркияда бір түнде үш рет жер сілкінді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Астанада «Шапағат» базары өртеніп жатыр

Базар аумағындағы бутиктердің бірі отқа оранған