Семейде соққыға жығылған Әлинұрдың оқиғасынан кейін Берік Уәли қатаң шешім қабылдады

Сабина Асқарқызы

  • 16.03.2025

Ақпан айында Семейдегі №9 мектепте бастауыш сынып оқушысына жоғары сынып оқушыларына әлімжеттік көрсеткен оқиға қоғамда резонанс тудырған. Осы жағдайдан кейін Абай облысының жаңа әкімі Берік Уәли қатаң шешім қабылдады, деп хабарлайды  Malim.kz.

Ол білім саласындағы кемшіліктерге жол бергені, балалардың тәрбиесіне байланысты алдын алу шараларын тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны, мұғалімдер мен білім саласындағы қызметкерлердің жалақысын уақтылы төлеуді қамтамасыз етпегені үшін Білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиевтің қызметінен босатылатынын айтты.

Еске салсақ, 24 ақпанда әлеуметтік желіде бір топ мектеп оқушыларының қорланып, соққыға жығылған құрбыларына қатыгездік танытқан видео тараған болатын.Жан түршігерлік кадрлардың астындағы түсініктемелерде видеоның Семей қаласында, 343-ші ауданда түсірілгені айтылған. Жасөспірімдердің мектеп оқушысын қарда қалай ұрғаны, барлығын видеоға түсіріп алған. Жазбаларда әдепсіз сөздер қолданылады.

Айта кетейік, Семейде соққыға жығылған Әлинұрға қазақстандықтардың көмегімен 35 миллион теңге жиналып, жаңа пәтер сатып алынды.

Байланысты жаналықтар

Абай облысында ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды

15.05.2025

Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

08.05.2025

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

01.05.2025

Абай облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

30.04.2025

«Қаражат жинау мәселесі тоқтамай тұр». Шымкенттегі мектеп директорларына ескерту жасалды

30.04.2025

Семейде мұғалім сабақ үстінде оқушы қызға тиіскен - видео

28.04.2025
MalimBlocks
Абай облысында ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды

Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

Таныстырылымға облыс әкімі Берік Уәли қатысты