Сенбі күні Қазақстанның көптеген өңірінде жаңбыр жауады

Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте және шығыста дауыл, солтүстік-батыс пен солтүстікте түнгі және таңертеңгі уақытта тұман күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz.
Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз өтеді. Ал елдің қалған аумағында циклон мен оған ілескен атмосфералық фронттар тұрақсыз ауа райын сақтайды — найзағайлы жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста және орталықта қатты жаңбыр күтіледі, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Маңғыстау, Атырау облысының оңтүстігі мен батысы, Ақмола облысының батысы, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы, Ұлытау облысының орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
«Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жетісу облысында, Қарағанды облысының батысы, шығысы және оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Ақтөбе облысының орталығында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі», — делінген хабарламада.
Астана қаласында – бұлтты, кейде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ. Жел – батыс, солтүстік-батыс бағытта 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16, күндіз +22+24 градус.
Алматыда – бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-батыстан 3-8, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +22+24, күндіз қатты ыстық +36+38 градус.
Шымкентте – бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-батыстан 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +23+25, күндіз өте қатты ыстық +41+43 градус.
«5–7 шілде аралығында республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің ауытқуы байқалуы мүмкін», – деп ескертті синоптиктер.
Фото: freepik.com


Ең көп оқылған
