Шетелден қазақстандықтардың 250 миллион теңгесі қайтарылды

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, әлемдік тәжірибеде мұндай нәтижеге бірнеше ел ғана қол жеткізген.

Берік Дәулетов

  • 02.08.2024

Қазақстандықтардан қаржы пирамидасына криптоактивтер арқылы заңсыз тартылған 250 млн теңге шетелден қайтарылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, әлемдік тәжірибеде мұндай нәтижеге бірнеше ел ғана қол жеткізген. ТМД кеңістігінде алғашқы болып Қазақстан криптоактивтер арқылы заңсыз тартылған ақшаны қайтарды.

Агенттік заманауи IT-құралдарды пайдалана отырып, 2,5 ай ішінде қазақстандықтардың қаражатын криптовалютаға тартқан «Eolus» жоғары технологиялық қаржы пирамидасын жойды. Еліміздің 12 өңірінде (Алматы, Астана, Шымкент, Павлодар, Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Орал, Көкшетау, Жетісу, Түркістан) 2,5 мыңға жуық салымшы тартылды. Елордалық ұйымдастырушы мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлады ҚМА.  

Қазақстандықтардың қаржысын кедергісіз иемдену үшін пирамидыны ұйымдастырушылар көптеген транзиттік крипто әмиянды пайдаланған.

Агенттіктің қызметкерлері заманауи блокчейн-аналитиканың құралдардын пайдалана отырып, барлық транзакцияны анықтап, қылмыстық кірістер ағылған негізгі әмияндарды тапты. Ұрланған қаражат Агенттіктің арнайы шотына аударылып, одан әрі жәбірленуші азаматтарға келтірілген залалды өтеу үшін пайдаланылады, - деп хабарлады агенттік.  

ҚМА қылмыстық активтерді қайтару және басқа да алаяқтық жобалар бойынша осы практиканы қолдануды жоспарлап отыр.

Фото: iStock

Байланысты жаналықтар

20 мамырға арналған валюта бағамы

20.05.2025

19 мамырға арналған валюта бағамы

19.05.2025

18 мамырға арналған валюта бағамы

18.05.2025

17 мамырға арналған валюта бағамы

17.05.2025

16 мамырға арналған валюта бағамы

16.05.2025

Ұлттық банк 15 мамырға арналған валюта бағамын белгіледі

15.05.2025
MalimBlocks
20 мамырға арналған валюта бағамы

19 мамырға арналған валюта бағамы

18 мамырға арналған валюта бағамы

17 мамырға арналған валюта бағамы

16 мамырға арналған валюта бағамы

Ұлттық банк 15 мамырға арналған валюта бағамын белгіледі