457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Скляр: ай сайын 50 мың тоннаға дейін жанармай "жалған тауарлар" ретінде сыртқа шығарылған

2024 жылы Қазақстаннан ай сайын 50 мың тоннаға дейін жанар-жағармай материалдары (ЖЖМ) "жалған тауарлар"ретінде экспортталғаны анықталды. Бұл туралы бірінші вице-премьер Роман Скляр мәлімдеді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Мұндай "көлеңкелі" экспорттың негізгі себебі — Қазақстандағы ЖЖМ бағасының көрші елдермен салыстырғанда 17–166% төмен болуы. Бұл айырмашылық заңсыз экспортты тартымды етеді.

Нафта, кеме және пеш отынына экспорттық шектеулерді алып тастау ұсынысына байланысты:

"Қазақстан мен шекаралас елдердегі жанар-жағармай бағаларының айтарлықтай айырмашылығы 2024 жылы жанармайдың сыртқа шығарылуының артуына және ішкі қордың азаюына әкелді. Жалпы шамамен 430 мың тоннаға қысқарған. Құқық қорғау органдарының бағалауынша, ай сайын "жасырын тауарлар" ретінде сыртқа шығарылатын жанар-жағармай көлемі 50 мың тоннаға дейін жеткен, оның елеулі бөлігі шағын мұнай өңдеу зауыттарының (мини-МӨЗ) өнімі болған", – деді Скляр "Ақ жол" фракциясы мәжіліс депутаттарының сауалына жауап бере отырып.

Сондай-ақ, ол 2025 жылғы ақпанда Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) тарапынан шағын МӨЗ-ден шыққан АИ-92 маркалы бензин тиелген сегіз цистерна вагонын (480 тонна) "жасырын тауар" ретінде Қырғызстанға заңсыз тасымалдау әрекетінің жолы кесілгенін еске салды.

"2023–2024 жылдары шағын МӨЗ-дерден шамамен 117 мың тонна жанар-жағармай сыртқа шығарылған", – деп толықтырды Скляр.

Фото: "АқЖайық"