Су тасқыны: 48 945 адам өз үйіне оралды

Республика бойынша 8 958 тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.

Malim Админ

  • 06.05.2024

ТЖМ су тасқынына қатысты соңғы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Атырау облысының Құлсары қаласында мотопомпалардың және жылжымалы сорғы станциялардың көмегімен қалған су басқан 20 үйден су сору жұмыстары жалғастырылып жатыр. ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Құлсары қаласында дезинфекциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан аумақтардан су сору жұмыстары жалғастырылып жатыр.

Өткен тәулікте 184 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс ауылында Торғай өзені су деңгейінің біртіндеп көтерілуіне байланысты ұзындығы 2,5 шақырым бөгет тұрғызу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 30 мыңнан астам қапшық пен 19 мыңнан астам инертті материал төселді. Су деңгейіне сағат сайын мониоринг жүргізіліп жатыр. Жағдай ерекше бақылауда.

Республика бойынша 8 958 тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 48 945 адам өз үйіне оралды.

Апаттық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 11 445 адам, 1 284 техника, 329 су сору құралы және 66 жүзу құралы, 6 әуе кемесі жұмылдырылды.

Фото: ТЖМ

Байланысты жаналықтар

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады