Шығыстың қалқаны: ШҚО әкімі Серебрянскіде аңызға айналған әскери бөлімде болды

Сұлу Бөлек

  • 06.05.2025

Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов еліміздегі ең танымал әскери бөлімдердің бірі – Алтай ауданының Серебрянск қаласында орналасқан №97638 әскери бөлімге барды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Бүгінде бұл бөлім тек әскери құрылым ғана емес – бұл ұрпақтар сабақтастығының символы, ерлік пен қайсарлық мектебі. Ол - Шығыс Қазақстанның әуе шекарасын қорғап, стратегиялық міндеттерді орындайды және мемлекеттің қауіпсіздігінің тірегі.

"97638 әскери бөлімі – бұл ерлік пен даңқтың шежіресі. Бұл бөлімнің жауынгерлік тарихы 1942 жылдан, 316-шы Гвардиялық миномет полкі ретінде басталады. Курск шайқасы, Днепр, Варшава, Берлин – осы майдандарда полк жауынгерлері теңдессіз батырлық көрсетті. Бүгінгі сарбаздар осы мұраны жалғастырып, Қазақстан тәуелсіздігін қорғаудың алдыңғы шебінде тұр", – деді аймақ басшысы.

Ұлы Отан соғысы жылдарында жауынгерлер майдан даласымен от кешіп, ондаған марапаттарға ие болды, оның ішінде Суворов, Кутузов, Хмельницкий және Невский ордендері бар. Мыңнан астам жауынгер Кеңес Армиясы қолбасшылығы тарапынан жеке марапатталған. Соғыстан кейін полк бейбітшілікті қамтамасыз етуге қатысып, 1961 жылдан бастап Шығыс Қазақстанда орналасып, өңірдің ірі стратегиялық нысаны – Бұқтырма СЭС-ін күзетіп келеді.

Бүгінде бұл бөлімде жаңа буынның кәсіби мамандары қызмет етеді – заманауи техникамен, жоғары жауынгерлік дайындықпен және борышына адалдықпен. Бұл – нағыз офицерлер ұстаханасы және бүкіл Шығыс Қазақстанның беріктігі мен қуатының символы.

Аймақ басшысына бөлімнің негізгі нысандары – командалық пункт, казарма, медпункт бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Қаһарман» мектептегі әскери-патриоттық клубының және ерікті іздестіру қозғалысы «Жарқынның» жұмысы таныстырылды. Олар – батырлық өткен мен бүгін және болашақ арасындағы көпір.

Сапар соңында облыс әкімі бөлімнің асханасында сарбаздармен бірге әскери дастарханнан дәм татты. Әскер дәстүріне сай түскі асқа каша мен шай берілді. Бұл – Отан қорғаушылардың қызметі мен күнделікті тұрмысына деген құрметтің тағы бір белгісі болды.

Фото: ШҚО әкімдігі ұсынды

Байланысты жаналықтар

Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

08.05.2025

Өскеменде Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті

07.05.2025

ШҚО-да өрт қауіпсіздігін сақтамағандар жауапқа тартылды

07.05.2025

«Бір шаңырақ астында»: Шығыс Қазақстанда ҚХА-ның 30 жылдығы аталып өтті

01.05.2025

ШҚО-да Ғылым жөніндегі бірінші өңірлік кеңес өтті

28.04.2025

Премьер-министрдің орынбасарына ШҚО-дағы су тасқыны жағдайын бақылау жүйесі таныстырылды

26.04.2025
MalimBlocks
Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

Өскеменде Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті

ШҚО-да өрт қауіпсіздігін сақтамағандар жауапқа тартылды

«Бір шаңырақ астында»: Шығыс Қазақстанда ҚХА-ның 30 жылдығы аталып өтті

ШҚО-да Ғылым жөніндегі бірінші өңірлік кеңес өтті

Премьер-министрдің орынбасарына ШҚО-дағы су тасқыны жағдайын бақылау жүйесі таныстырылды