Шымкентте Жаңа жыл қарсаңында 183 отбасы қоныс тойын тойлады

Арман Қайыпхан

  • 30.12.2024

Шымкент қаласында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында мемлекеттік бағдарлама аясында 183 отбасыға арендалық пәтерлердің кілті табысталып, қоныс тойы тойланды.
Салтанатты кілт тапсыру рәсіміне қала  әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, қуаныш иелерін құттықтады. Жаңа баспанаға қол жеткізген отбасылар шашу шашып, тұрғын үйдің лентасын қиды.
Айтулы мереке  қарсаңында пайдалануға берілген баспаналар Асар-2 және Тұран шағын ауданында орналасқан. Тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын «Integra Construction KZ» ЖШС және «Алтын Констракшн» ЖШС мердігер мекемелері жүргізген.
Жаңа қоныстанушылар арасында көпбалалы отбасылар және халықтың әлеуметтік жағынан осал тобындағы азаматтар бар.
Елімізде құрылыс қарқыны жыл сайын артып келеді. Бүгінгі таңда мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар қазақстандықтардың жайлы өмір сүруіне тікелей бағытталған. Соның ішінде әркімнің баспанамен қамтылуына ерекше көңіл бөлініп келеді. Бүгінгі қоныс тойы – соның айғағы.
Айта кету керек, 2024 жылы  Шымкент қаласы бойынша  мемлекеттік бағдарлама аясында ағымдағы жыл соңына дейін тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтарға сатып алу құқығынсыз 1 000 азаматқа (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 200, көпбалалы отбасылар – 351, халықтың осал топтары – 449) арендалық пәтер берілуі жоспарланған.
Оның ішінде, бүгінгі таңда 597 пәтер (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 136, көпбалалы отбасылар – 288, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары – 173) пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, 2023 жылдан өтпелі болған 280 арендалық пәтер биыл қоныстандырылды.  
Мемлекеттік бағдарламалар бойынша «2-10-20» және «5-10-20» бағыттары аясында жеңілдетілген несиелік негізде ағымдағы  жылы 1 793 пәтерлік 60 көпқабатты тұрғын үйлерге (оның ішінде 2023 жылдан өтпелі 1 041 пәтерлік 42 көпқабатты тұрғын үй)  келісім-шарттар түзіліп, азаматтарға Отбасы банк арқылы қолданысқа табысталды.
Кредиттік тұрғын үйлердің қолжетімділігін арттыру және табысы жетпейтін азаматтарды ынталандыру мақсатында  ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен 519 отбасы қайтарымсыз негіздегі әлеуметтік көмек  тұрғын үй сертификаты арқылы несиелік баспанаға қол жеткізген болатын.
​Биылғы жылға Қамқор өңірлік бағдарламасына жергілікті бюджеттен 5 млрд. теңге және «Отбасы банк» АҚ-нан 3 млрд. теңге жалпы 8 млрд теңге бөлініп, ағымдағы жылы 400-ден кем емес отбасыны несиелендіру көзделген.

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.