Таиландта өртенген катерде зардап шеккен қазақстандық оқиғаның қалай болғанын айтты

Сабина Асқарқызы

  • 02.04.2025

Таиландтың Пхукет аралында өртенген катерде болған Қазақстан азаматы Думан Байкен осы оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Дәл қазір жағдайымыз жақсы. Өрт болған кезде мен яхтада болдым, ал зайыбым (Бақытгүл Байкен) суда жүзіп жүрді. Жалпы, катерде техникалық ақау бар екенін алдын ала сездік. Себебі жолға шыққан кезде, 10 минуттан кейін бензин исі сезіліп, катердің бір қозғалтқышы істен шықты. Екінші қозғалтқышымен әрең дегенде жақында тұрған аралға жеттік… Экипаж мүшелері қайықты жөндеуге кірісті. Ал жолаушылардың кейбірі жағалауда болса, кейбірі суда болды. Сол кезде мен де катердің жанында суда жүзіп жүрген едім. 20 минуттан соң киімімді ауыстыру үшін катерге көтеріліп келе жатқанда жарылыс болды, - деді Байкен Таиландтағы демалыс үйінен онлайн режимде Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, өрт кезінде ол суға секіріп, әйелімен бірге жағалауға шыққан. Жарылыс салдарынан қолы күйіп қалған. Жарты сағаттан кейін туристерді құтқарушылар алып кеткен. Катерде болған туристердің төртеуі - Қазақстан азаматы.

Шашы күйіп қалды

Бұл жерде полиция мен аурухана қызметкерлері жақсы қабылдап, күтім жасады, алғашқы көмегін ұсынды. Ал волонтерлер бізге тез арада киім жеткізіп, тамақтандырды. Катерде Қазақстаннан 4 адам болдық, екеуі Алматыдан. Алматылық жігіттің аяғын күйік шалды, ал қыздың шашы күйіп қалды. Ертең госпитальге тағы барамыз. Осы елдегі Консул бізбен байланысқа шықты, қазір біз орналасқан қонақ үйге келеді, - деді Думан Байкен.

Оның сөзіне қарағанда, катердегі заттары мен құжаттары өртеніп кеткен. Консулдық құжаттарды даярлауға көмектеседі.

Біз осында 30 наурызда келдік. Демалысымыз 7 сәуірге дейін жоспарланған, - деді ол.

Фото: Видеодан скрин (Stan.kz)

Байланысты жаналықтар

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

Астанада базардан шыққан өрт оқшауланды

08.05.2025

Астанада «Шапағат» базары өртеніп жатыр

08.05.2025

Шымкентте 5 тонна сіріңке өртеніп кетті

07.05.2025

ШҚО-да өрт қауіпсіздігін сақтамағандар жауапқа тартылды

07.05.2025

Талдықорғанда құрылыс алаңында мұнаралы кран өртенді

05.05.2025
MalimBlocks
Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

Астанада базардан шыққан өрт оқшауланды

Астанада «Шапағат» базары өртеніп жатыр

Базар аумағындағы бутиктердің бірі отқа оранған

Шымкентте 5 тонна сіріңке өртеніп кетті

ШҚО-да өрт қауіпсіздігін сақтамағандар жауапқа тартылды

Талдықорғанда құрылыс алаңында мұнаралы кран өртенді